Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылау жүргізу жұмыстары және бұзушылықтарға әкімшілік жауапкершілік түрлері

Мемлекеттік сатып алуларға камералдық бақылау жүргізу жұмыстары және бұзушылықтарға әкімшілік жауапкершілік түрлері

Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2024 жылдың 01 қаңтар - 25 тамыз айлары аралығына 17 307 лот сомасы 587 млрд. 454 млн. теңге құрайтын мемлекеттік сатып алулар камералдық бақылаумен қамтылып, оның ішінде 2 556 лот сомасы 15 млрд. 113 млн. теңгеге сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды.

Камералдық бақылаумен анықталған негізгі бұзушылықтар:

- Тапсырыс берушілермен артық талап қою арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысушы барлық әлеуетті өнім берушілерге тең мүмкіндік беру принципінің бұзылуымен мемлекеттік сатып алуларды жариялау;

- Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленбеген құжаттарды әлеуетті өнім берушілерден талап ету немесе Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасының талаптарын бұзу (лицензия қажет етілетін қызметтер мен жұмыстарға хабарландыру жариялау барысында тиісті рұқсатты немесе хабарламаны талап етпеу);

- Заңда көрсетілмеген негіздер бойынша бір көзден сатып алу жүргізу немесе бір көзден сатып алулар рәсімдері бойынша заңнама талаптарын сақтамау;

- Баға ұсыныстарын сұрату тәсілін дұрыс қолданбау, қосымша келісім шарт жасау талаптарын орындамау, тағы да басқалар.

Тапсырыс берушілер тарапынан әкімшілік айыппұлға әкеліп соғатын заң бұзушылықтардың басым көпшілігі заңда көзделмеген негізбен тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу және мемлекеттік сатып алуда ақпараттар орналастыруда белгілі әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін нақтылайтын мәліметтерді, тауардың атауын, маркасын көрсету бойынша сатып алу болып табылады.

Өз кезегінде, мемлекеттік сатып алу саласында бұзушылықтарға жол берілсе және Департаментпен жолданған хабарламалар орындалмаса не тиісті түрде орындалмаса Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексінің 207 және 462 баптарына сәйкес тиісті лауазымды тұлғаларға әкімішілік жауапкершілік қаралған.

Есепті кезеңде бөлім бойынша лауазымды тұлғағаларға 137 әкімшілік хаттама толтырылған. (207/1 – 23 хаттама, 207/3 – 2 хаттама, 207/5 – 3 хаттама, 207/7 – 7 хаттама, 207/8 – 1 хаттама, 207/10 – 1 хаттама, 207/11 – 7 хаттама, 207/18 – 2 хаттама, 462/3 – 91 хаттама).
Өз кезегінде, Департамент тарапынан камералдық бақылауды уақытылы және сапалы жүргізу бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда.

С.ЕРЖАНҰЛЫ,
Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы 
Фото:ашық дереккөзден
28 тамыз 2024 ж. 256 0