Департамент камералдық бақылау жұмыстарының қорытындысын жариялады
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау жұмысын қорытындылады. Нәтижесінде 21 995 лот сомасы 692 млрд. 459 млн. теңге құрайтын мемлекеттік сатып алулар камералдық бақылаумен қамтылып, оның ішінде 2 251 лот сомасы 52 млрд. 314 млн. теңгеге сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды.
Камералдық бақылаумен анықталған негізгі бұзушылықтар бойынша:
– Тапсырыс берушілермен артық талап қою арқылы барлық мемлекеттік сатып алуға қатысушыларына тең мүмкіндік беру принципінің бұзылуымен мемлекеттік сатып алуларды жариялау;
– Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленбеген құжаттарды әлеуетті өнім берушіден талап ету;
– Заңда көрсетілмеген негіздер бойынша бір көзден сатып алу жүргізу немесе бір көзден сатып алулар рәсімдері бойынша заңнама талаптарын сақтамау;
– Мемлекеттік сатып алу заңнамасында белгіленбеген жағдайлар бойынша, әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесінің болуын белгілеу және тағы да басқа анықталды.
Өз кезегінде, департамент тарапынан камералдық бақылауды уақытылы және сапалы жүргізу бойынша жұмыс одан әрі жалғасуда.
Бүгінгі күнге, бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілері жіберетін бұзушылықтар саны азайып келе жатқанын атап өтуге болады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай