Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық тамақтану орындарында сақталуға тиісті талаптар

Қоғамдық тамақтану орындарында сақталуға тиісті талаптар

«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 17.02.2022 жылғы №ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР ДСМ 2023 жылғы 4 сәуірдегі №58 бұйрығына сәйкес қоғамдық тамақтану нысандарында сақталуға тиісті негізгі талаптарға тоқталсақ. Жұмысқа керекті өндірістік үстелдер, бөлшектеу мүкәммалдары, ас үй ыдыстары әріптік және түстік таңбалаумен таңбаланады.

Жарықшағы бар, шеті ұрылған, қалпы бұзылған ыдыстарды қолдануға болмайды. Әрбір технологиялық операциядан кейін бөлшектеу мүкәммалы, ыдыс-аяқ механикалық жолмен тазартылып, жуу құралдарын қолдану арқылы ыстық сумен жуылып, ыстық ағын сумен шайылады. Етті шабу үшін бөлшектеу тақтайшалары, діңгектер беті тегіс және саңылаусыз тақтайшалар пайдаланылады. Күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін ағаш діңгектерді тазартылып, тұз себіледі. Тамақ қалдықтары жабылатын таңбаланған ыдысқа жиналады. Тоңазытқыш камераларның ішкі бетінде, тоңазыту жабдығының салқындатқыш ыдысында, тамақ өнімдері бар қаптамасында қар мен мұздың пайда болуына жол бермеу. Азық-түлік шикізатын, жартылай фабрикаттарды және дайын тамақ өнімдерін бір тоңазытқыш жабдықта бірге сақтаған жағдайда өнімнің тауарлық көршілестігін сақтау. Бұл ретте дайын тамақ өнімдерін сақтау жоғарғы сөрелерде, салқындатылған етте, құс етінде, балықта, көкөністерден жасалған жартылай фабрикаттарда - төменгі сөрелерде сақталады. Тамақ өнімдерін қабылдау кезінде оның қадағалануын қамтамасыз ететін тауардың ілеспе құжаттарымен, қауіпсіздігін растайтын, сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттары болғанда қабылдау. Тамақтану объектісінің жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтау, қолдарының таза болуын қадағалап, таза арнайы киім мен аяқкиім киюін қамтамасыз ету. Жұмыстың басталуы алдында шаштарын қалпақ немесе орамал астына жинау, зергерлік әшекейлерін, сағаттарын және басқа сынатын заттарды шешу, тырнақтарын қысқартып алу және оларды лакпен боямау, ер персонал – сақал (мұрт) болса, оларға арналған тор киюі керек. Тамақтану объектілерінде, міндетті, профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған, медициналық қарап-тексеруден және гигиеналық оқытудан өткенін куәландыратын құжаты жоқ адамдар жұмысқа жіберілмеуі керек.

Сырдария аудандық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы бойынша 2024 жылдың 9-айында қоғамдық тамақтану орындарына тексеру жұмыстары жүргізілген жоқ. Алайда, басқарма мамандарымен тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану орындарында, тағам өнімін өндіретін нысандарда жіті ішек ауруына және тамақтан жаппай улану, ботулизм ауруын болдырмау, алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2024 жылдың 9-айында өткізілген санитарлық-ағарту жұмыстары: акция - 1, семинар - 8, түсіндірме - 1, баспаға мақала - 5, әлеуметтік желіге мақала -23, дәріс - 32, әңгіме – 104, таратылған парақшалар - 420.

Жанар БИСЕНБАЙ,
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы
Фото: ашық дереккөзден
28 қазан 2024 ж. 87 0