Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Санитарлық талаптарды сақтау шаралары түсіндірілді

Санитарлық талаптарды сақтау шаралары түсіндірілді

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары "Өндірістік коммуналды мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда басқарманың бас маманы М.Самалықов халыққа қызмет көрсететін коммуналды нысандарында сақталуға тиісті санитариялық талаптар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Коммуналдық мақсаттағы объектілерді орналастыру кезінде халықтың өмір сүруінің санитариялық-гигиеналық жағдайларын нашарлатуға жол берілмейді. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда объектілердің құрылысын жүргізуге, реконструкциялауға және пайдалануға беруге жол беріледі, – деді бас маман.

Сонымен қатар монша, шаштараз секілді көпшілік баратын орындарда санитарлық талаптарды сақтау бойынша, зарарсындандыру құралдарын дұрыс пайдалану туралы түсіндірілді.

Б.ЖАНӘЛІ
17 қаңтар 2020 ж. 1 549 0