Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалардың сауықтыру объектілеріне қойылатын талаптар

Балалардың сауықтыру объектілеріне қойылатын талаптар

Балалардың сауықтыру лагерлерінің негізгі мақсаты – білім беру немесе мәдени даму, сондай-ақ балалардың толыққанды қауіпсіз демалысын ұйымдастыру, олардың сауығуына жағдай жасау.

Толықтай қауіпсіз және қолайлы ортада, балалар өз үйлеріне қарағанда, өздерін ересек және тәуелсіз сезінуі мүмкін. Ол үшін санитариялық заңнама талаптарының сақталуын және эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Сауықтыру ұйымдарын ұстауға қойылатын талаптар «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларда регламенттелген.

Осы нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес сауықтыру маусымы ашылғанға дейін сауықтыру ұйымдарында жөндеу-қалпына келтіру және профилактикалық жұмыстар жүргізіледі:

– инженерлік желілер, желдету, ауаны баптау, жарықтандыру жүйелері жұмысының тиімділігін тексеру;

– ауыз суды зерттей отырып, сумен жабдықтау құрылыстары мен желілерін профилактикалық тазалау және дезинфекциялау;

– аумақты тазарту және абаттандыру; профилактикалық дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар жүргізу.

Апатты ғимараттар мен үй-жайларда объектілерді пайдалануға жол берілмейді. Объектілер жұмыс істеген кезде апатты жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Объектілердің аумағы зақымдалмаған қоршаумен жабдықталуы тиіс. Объектілердің аумағында қоқыс жинауға арналған урналар орнатылады.

Бір жатын бөлмедегі орындардың саны бір балаға 4 шаршы метр есебінен көзделеді.

Балалар санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес бой-жас ерекшеліктеріне сәйкес жиһазбен қамтамасыз етіледі. Жиһаздар, жұмсақ, қатты жабдықтар, санитариялық-техникалық аспаптар жарамды күйде болуы керек және мақсатына сай пайдаланылады.

Медициналық кітапшаларында кезеңдік медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өткені туралы белгісі бар қызметкерлер жұмысқа жіберіледі.

Сауықтыру ұйымдарында балалар мен қызметкерлердің қауіпсіз тамақтануын ұйымдастыру өте маңызды. Тамақтануды қауіпсіз ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау – тоңазытқыш және технологиялық жабдықтардың, асхана және ас үй ыдыстарының, кесу құралдарының, жуғыш және дезинфекциялық құралдардың жеткілікті жиынтығымен қамтамасыз ету. Сауықтыру мекемесіне түсетін барлық тамақ өнімдері санитариялық заңнама мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Санитариялық қағидалардың барлық талаптары сауықтыру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамамасыз етуге және тамақтан уланудың тіркелуін болдырмауға, балалар мен қызметкерлердің денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Сауықтыру ұйымы толық даярлаудан өткеннен кейін пайдалануға берер алдында маусымдық балалар сауықтыру ұйымдарында сауықтырумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар объектілерінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: aptamedia.kz
19 мамыр 2024 ж. 118 0