Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептерді жаңа 2024-2025 оқу жылына сапалы дайындау

Мектептерді жаңа 2024-2025 оқу жылына сапалы дайындау

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 05.08.2021 жылғы №ҚР ДСМ-76 "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы бойынша балалардың дені сау, жан-жақты жетілген азамат болып қалыптасуы үшін мектептерге белгіленген санитарлық талаптар қойылады.

Мектептердің аумағында олардың қызметiмен байланысы жоқ объектілерді орналастыруға жол берілмейді. Мектеп ауласы таза ұсталады, арамшөптерден арылған, аяқ және автожолдар зақымданбаған, тазалауға қолжетімді қатты жабынмен жабылуы тиіс. Барлық үй-жайлардағы еденнің, төбенің, қабырғалардың беті тегіс, саңылаусыз, ақаусыз және механикалық зақымданбаған болуы тиіс. Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары сабақ басталғанға дейін аяқталуы тиіс. Оқушылар бар кезд, апатты жағдайларды жоюды қоспағанда, жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Объектілерде орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен, ыстық сумен жабдықтау, су бұру көзделеді және олар жарамды жағдайда болуы тиіс. Объектілерде ауыз су режимі ұйымдастырылады. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады. Ойын және спорт алаңдарының жабдықтарын қоса алғанда, жиһаз бен жабдық білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойына және жасына сәйкес келеді. Спорт, ойын жабдығы жарамды күйде ұсталады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін сатып алынған өнімдердің (ойыншықтар, аяқ киім, киім, ыдыс, жеке гигиена құралдары, мектеп және жазу құралдары, төсек-орын жабдықтары, парфюмерлік-косметикалық өнім, жиһаз) оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс.

Мектеп асханасында перспективалық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) бір айға арналған екі апталық ас мәзірі жасалады. Мәзірді әзірлеу кезінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің болу ұзақтығы, жас санаты ескеріледі, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделеді. Тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоғамдық тамақтану ұйымында сақталады. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылады. Тоңазытқыштарға температураны бақылау үшін термометрлер орнатылады. Білім беру объектілерінің қызметкерлері жұмысқа жаңадан түсер алдында және жыл сайын бекітілген ереже бойынша кезекті дәрігерлік байқаудан өтулері және жұмысқа түсуге рұқсат алулары тиіс.

Аталған талаптарды жаңа оқу жылына дайындық барысында және мектептерде жыл бойы қатаң ұстану және орындау қажет.
22 тамыз 2024 ж. 128 0