Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№85 газет

10 қараша 2026 ж.

№84 газет

07 қараша 2026 ж.

№83 газет

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Тазалық – ортақ жауапкершілік

Тазалық – ортақ жауапкершілік

Тазалық – елді мекеннің көркі, тұрғындардың мәдениеті мен қоршаған ортаға деген жанашырлығының айқын көрінісі. Туған жердің таза әрі көрікті болуы – баршамызға ортақ міндет.

Бүгінгі таңда елді мекеннің сани­тарлық тазалығын сақтау, абат­­тандыру және көгалдандыру жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Осы бағытта Тереңөзек кенті әкімінің аппараты тарапынан тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту, аяқсу арықтарын тазалау, ағаштарды күтіп-баптау, шөптерді шабу, тұрмыстық қалдықтарды уа­қы­тылы шығару және елді мекен аумағын абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.

Сонымен қатар кент аумағында тазалық пен тәртіпті сақтау мақ­сатында санитарлық тазалық жұмыс­тарының жүйелі жүргізілуі маңызды. Әсіресе көктемгі және күзгі мез­гілдерде қоршаған ортаны ретке келтіру, жасыл желектерді күтіп-баптау, көшелер мен аулалардың таза­лығын қамтамасыз ету жұмыс­тарының маңызы арта түседі. Мұн­дай жұмыстар елді мекеннің сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Көгалдандыру – елді мекеннің ажарын ашатын маңызды бағыт­тардың бірі. Ағаш отырғызу, гүлзар­ларды күтіп ұстау, жасыл аймақтарды көбейту арқылы қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және табиғи тепе-теңдікті қорғауға үлес қосамыз. Сондықтан әрбір тұрғын туған же­рінің табиғатына жанашырлықпен қарап, жасыл желектерді қорғауға атсалысуы қажет.

Дегенмен тазалықты тек жауапты мекемелердің жұмысы деп қарастыруға болмайды. Кейбір тұр­ғындардың белгіленбеген орын­дарға тұрмыстық қалдықтарды тастауы, құрылыс қалдықтарын бей-берекет төгуі, қоғамдық орындар мен көшелердің тазалығына нем­құрайлы қарауы елді мекеннің көркіне нұқсан келтіреді.

Қоршаған ортаның ластануы тек сыртқы көрініске ғана емес, тұрғындардың денсаулығы мен тұрмыс сапасына да кері әсерін тигізеді. Әсіресе, бей-берекет тас­талған қоқыстардың жиналуы, арық­­­тардың бітелуі және тұр­мыс­тық қалдықтардың уақытылы шы­ғарылмауы түрлі қолай­сыздықтарға себеп болуы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайлардың алдын алу үшін әрбір азамат тазалық та­лап­­тарын сақтап, ортақ іске жауап­кершілікпен қарауы тиіс.

Осыған орай, кент тұрғындарын өз аулалары мен тұрғын үйлерінің айналасын таза ұстауға, қоқыстарды арнайы белгіленген орындарға тас­­тауға, көшелер мен қоғамдық орын­­дардың тазалығын сақтауға шақырамыз.

Сонымен қатар әрбір мекеме, кәсіпкерлік нысан иелері мен тұрғындар өздеріне тиесілі аумақ­тардың санитарлық жағдайына жа­уап­кершілікпен қарап, тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізуі қажет.

Бұл ретте тазалық мәдениетін қалыптастыруда қоғамдық белсен­діліктің де орны ерекше. Әрбір тұрғын өз ауласынан бастап тазалыққа мән беріп, айналасына үлгі болуы керек. Балалар мен жасөспірімдерге туған жерді аялау, табиғатты қорғау және қоғам­дық мүлікке құрмет­пен қарау құндылықтарын үйрету де – бар­шамыздың ортақ мінде­тіміз. Өйткені тазалыққа деген жауап­кер­шілік отбасынан, күнделікті тұрмыстан бас­талады.

Туған өлкенің көркеюі мен дамуы тек абаттандыру жұмыстарына ғана емес, тұрғындардың белсенділігі мен бірлігіне де байланысты. Ортақ мекеніміздің тазалығын сақтауға әр­қайсымыз өз үлесімізді қосқанда ғана нәтижелі жұмысқа қол жеткізе аламыз. Бірлесе атқарылған игі істер елді мекеніміздің көркеюіне жол ашады.

Тазалық сақтау – бір күндік науқан емес, күнделікті дағдыға айналуы тиіс. Өйткені таза ауыл – саламатты өмірдің, жоғары мәдениеттің және ортақ жауапкершіліктің белгісі.

Туған жеріміздің таза, көрікті әрі жайлы болуы әрқайсымыздың қолымызда!

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» КММ
10 қараша 2026 ж. 28 0