Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұлулық салондарына қандай санитариялық талаптар қойылады?

Сұлулық салондарына қандай санитариялық талаптар қойылады?

Сұлулық салон, шаштараз қызметтерін пайдаланбайтын адам жок деуге болады, алайда, терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляция яғни, татуаж, маникюр, педикюр, пирсинг басқа да косметологиялык қызметтер көрсету кезінде вирусті гепатит В және С, педикулез, қышыма, лишай, микроспория т.б жұқпалы аурулардың таралу қаупінің болу мүмкіндігін ойлана бермеуі мүмкін. "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шiлдедегi №ҚР ДСМ-67 бұйрығының «Халыққа косметикалық және шаштараздық қызмет көрсету объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары» сақтауға шақырамыз.

Қызмет көрсету кезінде клиенттердің денсаулығына қарсы келетін және жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. Маникюр, педикюр, шаштараз және косметикалық қызметтер көрсету бойынша технологиялық рәсімдерді бастамас бұрын объект жұмыскері клиенттің терісінің пайдаланылатын материалдарға сезімталдығын тексеруі, қолданылатын химиялық препараттардың технологиясын, құрамын, шоғырлануын және әсер ету (ұстау) уақытын қатаң сақтауы, сондай-ақ клиент ұсынған жеке ерекшеліктер мен қарсы көрсеткіштерді ескеруі қажет.

Тері және сілемейлі қабаттардың зақымдануы мүмкін манипуляциялар үшін (маникюр, педикюр, косметикалық қызметтер) пайдаланылатын құрал-саймандар нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазарту және стерилдеуге жатады. Құрал-саймандарды стерилдеу үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жабдық, аппаратура және материалдар пайдаланылады.

Эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыру мен бақылау және маникюр, педикюр және косметикалық қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын құрал-саймандарды дезинфекциялау, стерилдеу алдында тазалау және стерилдеу режимін күн сайын бақылау объектінің әкімшілігіне немесе шаруашылық жүргізуші субъектіге жүктеледі.

Терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын В және С вирустық гепатитінің маркерлеріне тексерiледi.

Парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізіледі. Ашық микрожаралар, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған кезде, персоналдың клиенттермен жұмысы қорғаныш оқшаулағыштармен (саусаққапен, жабысқақ пластырьмен) жүзеге асырылады. 
Жұмыскерлер жеке бас тазалығын сақтауы қажет. Қанмен ластанған қол немесе қолғап сабындап ағынды сумен жуылады, кейіннен дезинфекциялау құралдарымен өңделеді. Қанмен ластанған қолғап кейіннен кәдеге жаратыла отырып, дезинфекциялау ерітіндісіне батырылады.

Косметикалық кабинеттер ыстық және салқын су жүргізілген раковинамен жабдықталады, жабдық кешенімен, бір рет қолданылатын құрал-саймандар мен материалдар қорымен жарақталады. Парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, шашты, тырнақты, теріні күту құралдарын қолдану, сақтау және оны келушілерге өткізу олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда жүргізіледі.

Таза киім-кешек пен парфюмерлік-косметикалық заттарды сақтауға арналған үй-жайлар немесе орындар стеллаждармен немесе шкафтармен, лас киім-кешекке арналған қақпағы бар ыдыстармен жабдықталады. Пайдаланылған және таза киім-кешек араластырылмайды. Пайдаланылған киім-кешек қайта пайдаланылмайды.

Әрбір келушi дербес қолдануы үшін таза киім-кешек қорымен (сүлгiлер, сулықтар, ақжаймалар және басқалары) қамтамасыз етіледі. Пеньюарлар тек таза сулықпен немесе бір рет қолданылатын жаға, астылық лентамен қолданылады. Жуу және дезинфекциялау құралдары жеке үй-жайда немесе орында сақталады.

Тарақтарды, щеткаларды, шаш қиюға арналған қайшыны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрбір клиенттен кейін толық батырған (дезинфекциялау ерітінділері) кезде химиялық әдіспен немесе ультракүлгін сәулелеу арқылы кейіннен дезинфекциялай отырып, ағынды судың астында жуады.

Электрлік ұстаралардың алмалы-салмалы пышақтары, косметикалық жабдықтар мен аспаптарға арналған электродтар әрбір клиентке қызмет көрсетілгеннен кейін дезинфекциялау құралымен екі рет (15 минут аралықпен) өңделеді.

Педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне салынған шүберекпен сүртіледі.

Аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң жуу құралдарын пайдалана отырып өңделеді.

Маникюр, педикюр, косметикалық көрсетілетін қызметтерді жеке жинақтар (көрсетілетін косметикалық қызмет түрі бойынша) болған жағдайда жүргізеді.

Тері, сілемейлі беттердің зақымдалуы мүмкін манипуляция жүргізудің барлық кезеңдері клиент үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Маникюрді, педикюрді, пирсингті, татуажды жүргізуден бұрын және одан кейін тері беті және зақымдалған жерлер зарарсыздандырылады.

Маникюрге, педикюрге арналған құралдарды, сондай-ақ шығыс материалдарын кейіннен микроорганизмдермен екінші рет контаминацияны болдырмайтын жағдайларда сақтай отырып, бу, ауа немесе химиялық стерилдеу әдісімен стерильдейді.

Маникюр және педикюр кабинеттерінің жұмыс орындары жалпы және жергілікті жарықтандыруды ұйымдастыру жолымен жарықтандырылады.

Тері арқылы таралатын жұкпалы аурулардың алдын алу максатында сұлулық салондарында, шаштараздарда санитариялык талаптар қатаң сакталуы тиіс. Барлық сұлулық салон, шаштараз иелеріне кызметкерлердің жоғарыда айтылған қағидаларды, әсіресе, қызметкерлердің жеке бас гигиенасының қатаң сақталуы тиіс.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: pixabay
13 желтоқсан 2023 ж. 168 0