Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сарып – қауіпті жұқпалы ауру

Сарып – қауіпті жұқпалы ауру

Сарып – адамдарға ауру малдан жұғатын, адам денесінің буын, жүйке жүйелерін зақымдануына әкеліп соғатын, аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі.

Ауру қоздырғышы (бруцелла микробы) сыртқы ортаның әсеріне өте шыдамды келеді: сүт өнімдерінде 25 күнге дейін сақталып, мал терісінде 3-4 ай, суда 3 ай, көңде 3ай, топырақта 2-3 ай өмір сүрсе, салқын жерде ұзақ сақталады. Ауру малдардың ішіндегі ең қауіптісі уақ малдар. Ауру қоздырғыштары сыртқы ортаға ауырған малдардың тезегі, қиы, әрі, шуы, тағы басқалар арқылы бөлініп тарайды.

Ауру қоздырғыштары адам денесіне әсіресе, мал төлдету, ауру малды сою, жіліктеу, немесе жүнін қырқу кезінде тері арқылы енеді.

Күнделікті тұрмыста ауырған малдың шикі сүтін ішкенде, сол сүттен дайындалған қаймақ, ірімшік шала пісірілген ет тағамдарын пайдаланғанда жұғады. Сарып ауруымен ауырған адам тез шаршағыш, тамаққа зауқы соқпай, дене қызуы көтеріліп,сүйек –буын және бұлшық еттерінің ауруы байқалып, делсал болып бойының ауыр тартқанын сезеді.

Емделмеген жағдайда ауру күшейіп, науқастың дене қызуы 38-39 градусқа дейін көтеріліп, қол аяғы сырқырап, белі ауырып, түнге қарай малшынып терлеп, ұйқысы бұзылып, мойын, қолтық асты, шабының бездері ісіп ауырады. Дәрігерлерге көрінбей, өзінше емделген жағдайда ауру созылмалы түрге айналып, науқас адамның белі шойырылып, қол аяқ буындары ісіп, қозғалтпай ауырып, әрең бүгіледі.

Ауру 2-3 жылдан көп жылға дейін созылып, кейбіреулер жұмысқа жарамай сал, мүгедек болып қалуы ықтимал.

Сарып ауруынан сақтану шараларына келетін болсақ, ауру малдардан немесе мал өнімдерінен жұғатынын ескерсек, бірінші кезекте аурудың көзі болып табылатын себептерді жоюдан бастаған жөн.

Ол үшін, жеке меншік мал иелері мен шағын шаруашылық басшылары, жергілікті әкімдер мен ветеринария мамандарымен бірлесіп, жеке меншіктегі немесе қожалықтардағы мал бастарын түгелдей есепке алып, зертханалық жолымен тексеру қажет.

– Сарып ауруымен анықталған малдар тіркелген жағдайда, сау малдардан бөлек оқшаулау, жою.

– Көктем мезгілінде іш тастаған малдар байқалса, дереу жергілікті ветеринария мамандарына хабарлау.

– Сүтті және сүт өнімдерін бақылаулы сауда орындарынан сатып алу.

– Мал күтімі кезінде бөлек арнайы киіммен жүргізу және жеке бас гигиеналарын сақтау.

Сарып ауруының алғашқы белгілері байқалған жағдайда, жедел түрде дәрігерге қаралу.

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: ашық дереккөзден
17 қазан 2024 ж. 145 0