Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық бірегейліктің бастауы

Ұлттық бірегейліктің бастауы

Осыдан 35 жыл бұрын Егемендік декларациясының қабылдануымен тәуелсіздікке алғашқы қадам жасалды. Тарихи күн ретінде 1990 жылы 25 қазанда азаттық идеясы саяси және құқықтық мәнге ие болды. Осы құжат арқылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялап, егемен ел ретінде заңнамалық негізін қалады.

Әрбір қазақстандықтың тағдыры тұрған декларацияда мемлекетіміздің егемендігі, ішкі және сыртқы саясат­тағы тәуелсіздігі, мәдени дербестігі нақты айқындалды. Осы күн тәуелсіз Қазақстанның болашағына нық қадам жасалып, ұлттық құндылықтар ұлық­талатын айрықша күн ретінде белгіленді.

Маңызды күн барша тұрғындарды ел алдындағы жауапкершілігін, туған ел тағдырына деген үлесін сезінуге шақырады. Сондай-ақ бұл күн елдіктің негі­зін қалаған тұлғаларға тағзым етіп, ұлттың рухын асқақтататын мерекеге айнал­ғаны анық.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Республика – біздің тәуел­сіз­дігіміз­дің бастауы, елдік пен егемендіктің белгісі» деді. Демек бұл мереке ұлт­­тың санасында мемлекетшіл рухты күшейтіп, болашаққа нық сеніммен қа­дам басуға жігер береді.

Республика күні баршамызға құтты болсын! Ел бірлігін, бейбітшілік идеясын жаңғыртатын рухани мәні бар мереке ұлт рухын асқақтата берсін!

Байырбек Әмірбеков,
білім саласының ардагері
25 қазан 2025 ж. 43 0