Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Республика күні – егемендіктің айнасы

Республика күні – егемендіктің айнасы

35 жыл бұрын дәл осы күні – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданды. Бұл маңызды құжат елдің тәуелсіздігі мен егемендігінің, сондай-ақ мемлекеттің саяси, экономикалық және мәдени дербестігінің айрықша белгісі болып табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 16 шілдесінде өткен Ұлттық құрылтайда ұлттық мереке мәртебесін «Республика күніне» қайтаруды ұсынды.


«Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек» деп айтып өткен болатын Қасым-Жомарт Кемелұлы.


Сол жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға түзетулер енгізді. 25 қазан – ұлттық мереке, ал 16 желтоқсан – мемлекеттік мереке болып бекітілді.


Республика күні – әр қазақстандық үшін ерекше мереке. Көк байрағымыз көк аспанда желбіреп, ұлттық нақышымыз айқындала бергей. Бұл атаулы күннің республикалық деңгейде тойланып келе жатқанына биыл төртінші жыл. Мереке еліміздің тарихына деген құрметі мен болашағына деген нық сенімінің айрықша белгісі.


Егемендік – кез келген азаматтың жүрегінде сақталуы тиіс ұлы ұғым. Себебі, егемендіксіз елдің ертеңі, дербестігі болмайды. Республика күні бізге тәуелсіздіктің мәнін ұғындырады. Осы күн арқылы ата-баба арманының орындалғанын сеземіз. Олар азаттық үшін жанын қиып, ел болу үшін қан майданда күресті. Біз сол бабалар аманатына адал болып, туған жердің өркендеуіне барынша үлес қосуымыз керек. Бүгінгі бейбіт Қазақстан – сол ерліктің, сол ұмтылыстың нәтижесі.


Қазіргі таңда еліміз әлемге бейбітшілікті ту еткен өркениетті мемлекет ретінде танылып отыр. Бүгінгі жетістіктердің барлығы – егемендік пен бірліктің жемісі. Республика күні бізге тұтас қоғамды қалыптастыру мен ынтымақтастықтың, елге, жерге деген сүйіспеншіліктің маңызын тағы да еске салады.


Бұл мереке жас ұрпақ үшін аса маңызды. Себебі, елдің ертеңі – жастардың қолында. Біз егеменді елдің ұрпағымыз, сондықтан өз тарихымызды білу, оны құрметтеу – біздің парызымыз.
Серік Әбжәлиев,
«БАҚ» шаруа қожалығының төрағасы
25 қазан 2025 ж. 1 113 0