Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдік пен еркіндіктің символы

Елдік пен еркіндіктің символы

Бүгін ұлт тарихындағы аса маңызды мереке – Рес­публика күні.

Бұл күн – халқымыздың мемлекеттілігін нығайту жолындағы тарихи қадамы, тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаған елеулі сәттердің бірі. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздікке бастаған алғашқы қадамдарының бірі жасалды. Бұл тарихи құжат халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысын айқындап, болашақ Тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық негізін қалады.

Бүгінде біз ұлт бірлігінің, татулық пен тұрақтылықтың арқасында тәуелсіз елімізді дамытып, бейбіт өмір сүріп келеміз. Республика күні – барша қазақстандықтардың ортақ мақтанышы, елдік пен еркіндіктің символы.

Осы айтулы мереке қарсаңында баршаңызды бірлік пен ынтымаққа, ел игілігі жолында еңбек етуге шақырамын. Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін!

Мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға шаттық, елімізге гүлдену мен жарқын болашақ тілеймін!

Руслан КАСКИЕВ,
аудандық мәслихат депутаты
25 қазан 2025 ж. 44 0