Сарып: адамға да малға да – қауіпті
Сарып (бруцеллез) – жануарлар мен адамдарға ортақ өте ауыр жұқпалы ауру. Бұл аурумен барлық ауыл шаруашылығы жəне үй жануарлары ауырады.
Ауыруды қоздыратын Brucella бацилласы ұсақ жəне ірі қара мал, шошқа тағы басқа жануар жәндіктерде бруцеллез ауыруын қоздыратын болып бір неше түрге бөлінеді. Бұлардың ішінде аса қауіптісі қой, ешкі және мүйізді ірі қара малдар.
Бруцеллез табиғи ортаға өте төзімді, топырақта, қида, жемде, суда төрт айға дейін өмір сүріп өзінің ауыру қоздырғыштық қасиетін толықтай сақтай алады. Тек қана жоғарғы температураға төзімсіз, 60 градус қайнатқанда жарты сағатта, ал, 90–100 градусқа қайнатқанда сол бойда өледі.
Залалсыздандыратын ерітінділермен тікелей түскен күн сәулесі бруцелланың күшін әлсіретіп жояды. Адамдарға бруцеллез ауыруы малдарды күткенде, жемдегенде, олардың қораларын тазалағанда шаң тозаң арқылы тыныс жолдарымен, тері арқылы әсіресе қолдағы ұсақ жаралармен, ерін, көз кілегей қабықтарына түскен бациллалар арқылы ауыруды тез қоздыра алады.
Ауыру малдардың өнімдерін дұрыс қайнатпай тамаққа пайдаланғанда адамға жұғады. Бруцеллез ауруы малдың сүті, дәреті, сілекейі және терімен бөлініп сырытқы қоршаған ортаны ластайды.
Сондықтан малдың жүнін қырыққанда, жинағанда және басқа әр түрлі өңдеу жұмыстарын жүргізген уақытта да ауыру жұқтырады. Наурыз, сәуір айларында мал төлдейтін уақытта ауру малдар іш тастайды және әлсіз ауру малдар өздігінен төлдей алмай адамның көмегін қажет еткенде, мал мен адамның тікелей қатынасы ауыруды жұқтыруға қолайлы жағдайды туындатады. Бруцеллездің іш тастаған төлдің кеудесінде, ішінде сұйық көп болады, жүні жетіспеген, кілегей қабықтары қанталаған болады.
Сарып ауруының жұқтырған науқас қалтырайды, көп терлейді, қажып–шаршау, әлсіздену, сүйек буын және бұлшық еттерінің ауырғаны байқалады. Ауыруды дер кезінде емдесе жылдам жазылып кетеді. Ауырудың алғашқы белгілері байқалғанда уақыт өткізбей дәрігерге қаралып арнаулы емін алған жөн, кешігіп қалған жағыдайда организімнің көптеген органдары зақымданып емдеуді қиындатып мүгедектікке апаруы мүмкін.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ