Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТЕСПЕЙ

ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТЕСПЕЙ

Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн... Бүгін мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез-келген пендені бей-жай қалдырмайтын ұлы мереке... Бүгін алтын ұя мектебін бітіріп, бала-шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, жүректері лүпіл қағып, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн... Өзінің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын аяулы ұстаздардың бір жылдық еңбектерінің жемісіне куә болатын күн... Бүгін соңғы қоңырау!
Бір кездері шаштарымызға ақ бантик, мойындарымызға көк галстук байлаған, әр қоңырау ұрылған сәтте сыныптан жүгіріп шығатын оқушылар едік... Енді бүгін міне, ұстаздарымызды, мектебімізді, сыныптастарымызды бәрін қатты сағындық.
Өте қызық! Біз адамдар өткен өмірімізді қалайша тез ұмытады екенбіз. Өткен өмірімізді еске түсіретін болмақ жыр-жолдары ғана түседі.
Мектебім мынау классың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Біз үшін қоңыраудың ешқашан үні кетпестей!
Д. ҚИБАШ

21 мамыр 2018 ж. 1 096 0