Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » БҮГІН ЗЕРГЕРЛЕР КҮНІ

БҮГІН ЗЕРГЕРЛЕР КҮНІ


Дәл бүгін, яғни отыз бірінші қаңтар күні зергерлік өнерге қатысы бар алтын қолды шеберлеріміздің "бүгін менің күнім" деп айтуға қақысы бар. Өйткені бүгін - халықаралық зергерлер күні. Зергерлік кәсіп - ең алғаш пайда болған кәсіптердің бірі. 
Өйткені адамзат баласы есте жоқ ерте замандардан бері сұлулыққа, өзін сәндеп-безендіруге құмар болған. Тарихи деректерге сүйенсек, ең алғашқы зергерлік бұйымдар б.з.д. 3-2 ғасырларда пайда болған. Нақтырақ айтсақ, зергерлік өнердің қанат жайған Отаны - Ежелгі Грекия және Египет саналады. Сол кездердегі алтын әшекейлер - байлық пен биліктің нышаны болды. Алғашында ағаштан, жануарлардың сүйектерінен жасалған сәндік бұйымдар бүгінде алуан түрлі бағалы тастардан жасалып жүр. Жалпы, зергерлер қауымының мәртебесі ешқашан түскен емес. Және сұлулықтың құдіреті мен құрметі таусылмайынша төмендемейтіндігіне сенімдіміз.
31 қаңтар 2018 ж. 2 335 0