МЫҢ ЖЫЛДЫҒЫН ОЙЛАҒАН ТАЛ ЕГЕДІ...
Ұрпақтар сабақтастығы қашанда жаңғырып, заман көшіне ілеседі. Келешегін әріден ойлаған адам игі іс жасауды жанына серік қылады. Оның ішінде өзі білім алған мектебіне үнемі атбасын бұрып, жақсылықтармен бөлісу мұғалімі берген ұшан-теңіз тәрбиенің қайтарымы іспетті. «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт» дегендей ұстаздардың шапағатын көрген шәкірттері ұлағатты жандар алдында бас иетіндіктерін дәлелдеп келеді.
«Алтын балтаның да сабы ағаш» демекші көреген ұстаздардың тәлімін алған азаматтар абырой биігінен көрінуді қалайды. Ендеше, талай мықтыларды қанат қақтырған білім ордасынан ертеңгі күні нағыз таланттар мен білімді жандар түлеп ұшады. Міне, әр буынмен бірге өсіп, жетілетін терек ағаштары келешек шежірелі тарихқа куәгер атанбақ.
Б.ОРДАБЕКОВ