Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада сайлаушылар арнайы сервис арқылы өзінің қай учаскеде дауыс беретінін анықтай алады

Қызылордада сайлаушылар арнайы сервис арқылы өзінің қай учаскеде дауыс беретінін анықтай алады

Биыл республикада 45 аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады. Пилоттық негізде бастау алған сайлау жергілікті мәслихат шешімімен Қызылорда облысында Шиелі және Сырдария аудандарында өткізіледі, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Бүгінде Сырдария ауданында18, Шиелі ауданында40 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Оларда 388 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.

Жергілікті әкімдік сайлаушылар тізімін жасауда белсенді жұмыс жүргізуде. Қыркүйектегі жағдай бойынша Сырдария ауданында – 22101, Шиелі ауданында – 50402сайлаушы тіркелген. 

Өңірде дауыс беретін азаматтар үшін «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты арнайы сервисі жұмыс жасауда. 

Шиелі және Сырдария ауданының тұрғындары 
saylau.orda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін оңай таба алады. 

Сервисте учаскенің нөмірінен бастап комиссия құрамы мен мекен-жайы және байланыс деректері көрсетілген.

Мұнан бөлек, сайлаушылар үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы да жұмыс істейді. 

Диспетчерлер аудан әкімдерінің сайлауына қатысты тұрғындардың сауалдарына жауап береді. 

Айта кетейік, Сырдария және Шиелі ауданы әкіміне 6 кандидат тіркелген. 
20 қазан 2023 ж. 122 0