Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Өзіңді тексер

Бүгінгі күні 2019 жылы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты Сырдария ауданы әкімдігімен сайлаушылар тізімі жасақталуда. Осыған орай, Қызылорда облысының сайлаушыларына «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» мәліметтік сервисі іске қосылды. «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» мәліметтік сервисінің saylau.orda.gov.kz сайтына әрбір сайлаушы ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп), «Өзіңді тексер» батырмасы арқылы қай сайлау учаскесіне дауыс беретінін, сонымен қатар, оның қандай мекен-жайда орналасқандығы онлайн арқылы көре алады. Егер сайлауға қатысушы азамат өзін жүйеден таппаған жағдайда, қатысушы азамат тиісті аудан әкімдігіне өтінім қалдыру арқылы тізімге өзгеріс енгізіп, тиісті сайлаушылар қатарына кіргізіледі.
Аудан әкімдігі
07 мамыр 2019 ж. 1 614 0