Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Брейн-рингте – жастар

Брейн-рингте – жастар

Тереңөзек кенті әкімдігі мен аудандық мәдениет және спорт бөлімінің қолда­уымен, Тереңөзек кенті клу­бының ұйымдастыруымен «Туған жерім – тұнған шежіре» та­қырыбында жастар арасында брейн-ринг сайысы өтті.

Жоғарғы сынып оқушыларының бос уа­қытын тиімді пайдалану, білімдерін шыңдау, салт-дүстүрді білуге үйрету мақсатында өт­кен сайысқа аудан орталығынан 4 команда қатысты. №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің «Тапқырлар», №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің «Сейхун», №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектептің «Жалынды жастар» және №210 О.Әбілпаттаев атын­дағы мектеп-лицейдің «Яксарт» командалары білім бәйгесінде бақ сынады.

Сайыс 4 кезең бойынша өтіп, «Зымыран­ сұрақтар», «Білгенге маржан», «Суреттер сөйлейді», «Қызық екен» кезеңдерін қам­тыды. Брейн-ринг ойынының шарты бойынша қо­йылған сұрақтарға кезек реттілігі бойынша мүдірмей, нақты жауап берілді. Жоғарғы сынып оқушылары ел тарихынан, салт-дәстүрден білімдерін көрсетіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауда, туған жердің шежіресін білудегі ізденімпаздықтары қуантты. Осы мақсатта ұйым­дастырылған «Суреттер сөйлейді» кезе­ңінде командалардың барлығы экранға берілген Қорқыт ата кешені, Байқоңыр ғарыш айлағы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен «Досмұқасан» ансамбілі туралы толық ақпарат білетіндіктерін көрсетті.

Нәтижесінде, сайысты сәтті аяқтаған «Жалынды жастар» командасының тапқыр жас­тары бірінші орынға шық­ты. Екінші орынды «Сейхун» командасы иеленсе, үшінші орынды «Тапқырлар» мен «Яксарт» өзара бөлісті. Командаларға диплом мен естелік сыйлық табыс етілді.

«ТТ» ақпарат
18 сәуір 2023 ж. 279 0