Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім бәсекесінде бақ сынады

Білім бәсекесінде бақ сынады

Бұрнағы күні Қызылорда қаласындағы №5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицей базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ кезеңі өткізілді.
Аталған жарыста №35 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы (физика секциясы бойынша) Бақытбек Ержан ІІ орын, Тәліпова Ақбота (биология секциясы бойынша) ІІІ орын, №36 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Барзуов Бақдаулет (биология секциясы бойынша) І орын, 11 сынып оқушысы Ахметова Асемай (химия секциясы бойынша) ІІІ орын, №42 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Қайратқызы Ақерке (биология секциясы бойынша) ІІІ орын, №44 орта мектептің 11 сынып оқушысы (өлкетану секциясы бойынша) ІІІ орын, №126 орта мектептің 9 сынып оқушысы Сұлтанбекова Нұрбибі (тарих секциясы бойынша) ІІІ орын, №129 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Абзалқызы Меруерт (жер және ғарыш секциясы бойынша) ІІ орын, 10 сынып оқушысы Сайфуллаев Ербол (қоршаған орта секциясы бойынша) ІІІ орын, №130 орта мектептің 10 сынып оқушысы Сақтапберген Әліби ІІ орын, №137 орта мектептің 9 сынып оқушысы Бердібекова Алтынай ІІ орын, Жақсылықова Жансая (физика секциясы бойынша) ІІІ орын, №210 орта мектептің 10 сынып оқушысы Келдібай Аружан ІІІ орын иеленді. Аудан мерейін асқақтатқан мектеп оқушыларына сәттілік тілейміз.

"ТТ"-ақпарат
03 желтоқсан 2019 ж. 680 0