Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 29 газет

22 сәуір 2025 ж.

№ 28 газет

19 сәуір 2025 ж.

№ 27 газет

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Өзара мықтыны анықтады

Өзара мықтыны анықтады

Кеше аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Шаған ауылындағы №37 мектеп-лицей базасында мектеп оқушыларының аудандық күзгі спартакиадасыны жалауын көтерді. Спорттың кіші футбол түрі бойынша өткізілген жарысқа ауданға қарасты барлық мектеп қатысты. 
Бұл спартакиаданың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, дене тәрбиесі мен спорт жүйесін дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. 
Спартакиада 8-11 сынып оқушылары өзара мықтыны анықтады. Барлығы 17 мектептен 240 оқушы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша кіші футболдан қыздар арасында жүлделі ІІІ орынды №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейі, ІІ орынды №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей, ал №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектеп командасы жеңімпаз деп танылып, І орынды алды. Кіші футбол ұлдар арасында жүлделі ІІІ орынды №137 орта мектеп, ІІ орынды №37 мектеп-лицей, І орынды №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектеп командалары жеңіп алды.
17 қазан 2019 ж. 1 060 0