Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мұражайдағы мүшайра

Мұражайдағы мүшайра

Аудандық мұражайдың ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, көрнекті ақын, ғалым, қоғам қайраткері Әбділдә Тәжібаевтың 110 жасқа толуына орай "Сыр бойының сырбаз ақыны" атты ауданның жас жазба ақындарының мүшайрасы болып өтті.

Жыр сайысына аудан орталығында орналасқан №35 И.Тоқтыбаев атындағы және №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейден, сондай-ақ №210 О.Әбілпаттаев пен №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектептерден 5-10 сынып оқушылары қатысып, бақ сынады. Мүшайраға көрнекті ақын атындағы мектеп-лицейден талапкерлер көптеп қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар "Елім барда осындай арман бар ма?.." тақырыбына ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса, екінші кезеңде талапкерлер Жырдариясы Әбділда Тәжібаевқа арнаған өлеңдерін оқыды.

Төрт мектептен 16 талапкер ақын қатысқан жыр сайысында №210 О.Әбілпаттаев атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Жания Аманбекова бірінші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарды №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Алтынай Маратова мен 7 сынып оқушысы Асылай Бектасова иеленді. Мүшайра қорытындысында жеңімпаздар мен мүшайраға қатысушылар аудандық мұражай қызметкерлері тарапынан марапатталды.
"ТТ" ақпарат
10 қазан 2019 ж. 876 0