Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар ақын рухына өлең арнады

Оқушылар ақын рухына өлең арнады

Аудандық мұражайдың ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі, көрнекті ақын, ғалым, қоғам қайраткері Әбділдә Тәжібаевтың 110 жасқа толуына орай «Сыр бойының сырбаз ақыны» атты ауданның жас жазба ақындарының мүшайрасы өтті.
Жыр сайысына аудан орталығында орна­ласқан №35 И.Тоқтыбаев атындағы және №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейден, сондай-ақ №210 О.Әбілпаттаев пен №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектептен 5-10 сынып оқушылары қатысып, бақ сынады. Мүшайраға көрнекті ақын атындағы мектеп-лицейден талапкерлер көптеп қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар «Елім барда осындай арман бар ма?» тақырыбына ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса, екінші кезеңде талапкерлер жыр дариясы Әбілда Тәжібаевқа арнаған өлеңдерін оқыды.
Төрт мектептен 16 талапкер ақын қатысқан жыр сайысында №210 О.Әбілпаттаев атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Жания Аманбекова бірінші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарды №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Алтынай Маратова мен 7 сынып оқушысы Асылай Бектасова иеленді. Мүшайра қорытындысында жеңімпаздар мен мүшайраға қатысушылар аудандық мұражай қызметкерлері тарапынан марапатталды.

«ТТ» ақпарат

12 қазан 2019 ж. 997 1

Humberto от 29 мамыр 2025 16:03
Nicely put. Many thanks. meilleur casino en ligne Appreciate it, Loads of stuff. casino en ligne Truly plenty of helpful facts! casino en ligne Fine material Kudos! casino en ligne francais Many thanks. Fantastic information. casino en ligne Nicely put, Thanks! casino en ligne France You actually revealed it really well. meilleur casino en ligne Kudos. I appreciate this! casino en ligne francais Nicely put, Thanks a lot! meilleur casino en ligne Regards! An abundance of forum posts! casino en ligne