Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тазалық сақтау – ортақ жауапкершілік

Тазалық сақтау – ортақ жауапкершілік

Әрбір адамның туған жерге деген сүйіспеншілігі тазалықтан басталуы қажет. Осыны ескерген аудан халқы республика көлемінде ұйымдастырылған «Birge: Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш акцияның мақсаты қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Осы бағыттағы сенбілік жұмыстарына аудандағы мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен тұрғындар қатысып, көшелерді күл-қоқыстан, сарғайған жапырақтардан тазартты. Бұл өз кезегінде өмір сүріп отырған қоршаған ортаның тазаруына септігін тигізді.

– Күз мезгілінде сарғайған жапырақтар жерге түседі. Соның салдарынан көше бойын жапырақ басады. Оған қоса, қазіргідей желді күні қоқыстар да шашылып жатады. Бұл тұрып жатқан жеріміздің экологиясына, табиғатқа тікелей әсер етеді. Сондықтан осындай акция мен сенбіліктер аясында көшелерге тазарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл тұрғыда, аудан халқы да тазалық сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысуы тиіс. Осыған қатысты аудандық газетке аудан әкімінің Үндеуі жарияланды. Онда тазалық мәдениеттілігімізді көрсететіні айталған. Яғни, «Ауылына қарап азаматын таны» дегендей жергілікті жердің тазалығына өзіміз жауаптымыз. Сол себепті де тазалық шараларына баршамыз жауапкершілік танытуымыз қажет, – дейді кент тұрғыны М.Қанибеков.

Экологиялық акция кент және барлық ауылдық округте ұйымдастырылды. Оның барысында көше күл-қоқыстан тазартылды. Осы тазалық жұмыстарына қатысушылардың айтуынша, «Ауданның көркеюі үшін әркім еңбек пен табиғатқа жақын болып, айналаны ластамауға дағдылануы тиіс» – дейді ол.

Е.БЕРКІНБАЕВ

10 қараша 2020 ж. 957 0