Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық – саулық негізі

Тазалық – саулық негізі

Көктем келіп, жер тоңы жібі­генде қоршаған ортаның тазалығы басты назарда болуы тиіс. Се­бебі, қыстайғы күл-қоқыс күн жылығанда адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сол үшін жан-жағымызды жинастырып, са­ни­тарлық тазалыққа мән беріп, көркейту-көгалдандыру жұмыс­та­рын жүргізу әсте өзімізге пайдалы. Осы орайда, аудан кө­лемінде санитар­лық тазарту іс-шарала­ры бас­тау алды.

Өткен сенбіде аудан тұрғындары жап­пай сенбілікке шығып, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Ауа райының құбылмалы болғанына қарамастан аудан тұрғын­дары өздеріне бекітілген көше бо­йына тазарту жұмыстарын жүргізіп, шөп-шалаңды шапты, қоқыстарды жи­­нады. Қазіргі таңда негізі су арна­ларын тазартуға күш жұмсалуда. Өйткені, жақын арада каналдарға су жі­берілгенде қыс бойы ішіне жи­налған қоқыстар су ағысына кедергі келтіреді. Оның үстіне, қоқыстан ластанған судың тұрғындарға тигізетін зияны көп. Осыған байланысты каналдар арқылы аяқ су жеткізілетін арықтарды қоқыстан тазалау жұмыстары жүрді. Бұдан бөлек, тұрғындар тиісті көшелердегі қо­қысты жинап, санитарлық тазалық жұмыстарына белсене қатысты. Алдағы уақытта жылдағыдай тазалық айлықтары ұйымдастырылып, қоғам үшін тиімділігі зор жұмыс жалғасын табатыны белгілі. Оған тек мекеме қызметкерлері емес, тұрғындар да белсенділікпен қатысуы керек. Өйткені бұл – баршаға ортақ.

«Ауылына қарап азаматын таны» дегендей, та­залықпен мәдениеттілігіміз өлшенеді. Кент, елді ме­кен, көше тазалығына ықтияттық танытып, көр­кейту жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізген­де аза­мат­тығымызға сын болмасы анық. Әркім есік алдын, жүрген жерін, көше бойын таза ұстаса, денсаулыққа кері әсері болмайды. «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» екені айтпаса да түсінікті.

Ердос БЕРКІНБАЕВ

15 наурыз 2022 ж. 765 0