Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыстың өтеуі – жаза

Қылмыстың өтеуі – жаза

Қоғам өмірінде мал ұрлығы өршіп тұр. Күн санап қо­лының сұғанағы бар жандар төрт түлікті қырғидай қыруда. Негізгі мәселенің түйткілін шешу жолында кешенді жоспарлар қажет. Шын мәнінде, мал ұрлығы жылдың қай мезгілінде де бәсеңдемейді. Сондықтан ұрлық жасайтындардың жазасын қатаңдату керек.

Мал ұрлығына қатысы бар күдікті ҚР Қылмыстық Кодексінің Мал ұрлау 188-1 бабы бойынша жазаланады. Бұл ретте Сырдария аудандық сотында мал ұрлығына байланысты іс қаралған болатын. Сот отырысы барысында А, Б, Н, есімді азаматтарға сот үкімі шықты. Өз кезегінде жәр­­бірленуші тараптың уәжін тың­даған сот отырысының төрағасы күдік­ті­лерге тиісті жаза тағайындады. Яғни, аталған азаматтар бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды.

Қай кезде де қылмыстың өтеуі – жаза. «Дәніккен құныққаннан ж­аман» деген қазақта нақыл сөз бар. Сондықтан қылмыс жасаған адам жазасын өтеу барысында өзінің қатесін тү­сінсе дейміз.

Аудандық сотта көбіне мал ұр­лығына байланысты істер жиі қа­ралады. Жұмыс процесінде сан түр­лі азаматтың уәжін тыңдауға тура келеді. Малынан айырылған көпші­ліктің шығыны өтеліп, қылмыс­керге әділ жаза тағайындау маңызды рөл ойнайды.



Нұрхан Әбдікәрім,
Сырдария аудандық сотының кеңсе
меңгерушісі
09 тамыз 2022 ж. 318 0