Мал ұрлығының алдын алу — ортақ міндет
Тереңөзек кенті әкімі аппараты кент аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың мүлкін қорғау бағытындағы жұмыстарды тұрақты назарда ұстап келеді. Осы орайда, өзекті мәселелердің бірі — мал ұрлығының алдын алу және оны болдырмау. Төрт түлік мал – ауыл тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі, адал еңбегінің жемісі. Сондықтан бұл қылмыспен күресу тек құқық қорғау органдарының немесе әкімдіктің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ ісі болуы тиіс.Көп жағдайда мал ұрлығының орын алуына тұрғындардың өз мал-жанына немқұрайлы қарауы, яғни малды бақташысыз, қараусыз жайылымға жіберуі себеп болып жатады. Өз мүлкімізге жауапкершілікпен қарау – ұрыларға тосқауыл қоюдың алғашқы қадамы. Кент әкімі аппараты тұрғындарды малды уақытылы таңбалауға, ен салуға және сырғалауға шақырады. Бұл шаралар жоғалған немесе ұрланған малды тез арада анықтауға үлкен септігін тигізеді.
«Жұмылған жұдырықтай» бірлесіп әрекет еткенде ғана біз кентіміздің берекесі мен тыныштығын сақтай аламыз. Әрбір азамат өз ауласындағы мал-жанына сақ болып, көшедегі күдікті тұлғалар мен көліктерді байқаған жағдайда бірден учаскелік полиция инспекторына немесе әкімдікке хабарлауы қажет.
Тәртіп пен қауіпсіздік – әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады.
Тереңөзек кентінің әкімінің аппараты
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ









