Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрқанат Серікбаев Загребтегі Гран-при турнирінің чемпионы атанды

Нұрқанат Серікбаев Загребтегі Гран-при турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында бразилиялық Рональд Лимамен белдесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Нұрқанат Серікбаев Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды.

Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Аман Бақытжан (60 келі) күміс медаль иеленген еді.

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
14 қараша 2026 ж. 23 0