Қылмыстың өтеуі – жаза

Мал ұрлығына қатысы бар күдікті ҚР Қылмыстық Кодексінің Мал ұрлау 188-1 бабы жазаланады. Бұл ретте Сырдария аудандық сотында мал ұрлығына байланысты іс қаралған болатын. Сот отырысы барысында А, Б, Н, есімді азаматтарға сот үкімі шықты. Өз кезегінде жәрбірленуші тараптың уәжін тыңдаған сот отырысының төрағасы күдіктелерге жаза тағайындады. Яғни, аталған азаматтар бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды.
Қай кезде де қылмыстың өтеуі – жаза. «Дәніккен құныққаннан жаман» деген қазақта сөз бар. Сондықтан қылмыс жасаған адам жазасын өтеу барасында қатесін түсінсе дейміз. Аудандық сотта көбіне мал ұрлығына байланысты істер қаралады. Жұмыс процесінде сан түрлі азаматтың уәжін тыңдауға тура келеді. Бірнеше малынан айырылған көпшіліктің шығыны өтеліп, қылмыскерге әділ жаза тағайындау маңызды рөл ойнайды.
Нұрхан Әбдікәрім,
Сырдария аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
Сырдария аудандық сотының кеңсе меңгерушісі