Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Валюта бағамы: 14 қарашада доллар қаншадан сатылып жатыр?

Валюта бағамы: 14 қарашада доллар қаншадан сатылып жатыр?

Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльді сатып алу және сату бағамдары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kurs.kz мәліметінше, Астана қаласындағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 441,99 теңгеден сатуға, 448,99 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны орта есеппен 489,99 теңгеден өткізіп, 499,99 теңгеден сатып алуға болады. Ал рубльді 5,15 теңгеден сатуға, 5,35 теңгеден сатып алуға болады.

Алматыда долларды орта есеппен 445,32 теңгеден сатуға, 447,55 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны 492,93 теңгеден өткізіп, 497,80 теңгеден сатып алуға болады. Рубльдің сату бағамы – 5,17 теңге, сатып алу бағамы – 5,29 теңге.

Шымкент тұрғындары долларды орта есеппен 444,72 теңгеден сата алады, ал айырбастау орындарынан 447,65 теңгеден сатып ала алады. Еуроны сату бағамы – 491,78 теңге, сатып алу бағамы – 496,65 теңге. Ресей рублін 5,18 теңгеден өткізіп, 5,25 теңгеден сатып алуға болады.
14 қарашаға белгіленген ресми валюта бағамдары:
  • Доллар – 444,3 теңге;
  • Еуро – 490,91 теңге;
  • Рубль – 5,41 теңге.
Еске салайық, Ұлттық банк қазан айынан бастап, шетел валютасындағы жинақ салымдары бойынша шекті мөлшерлемені 1 пайыздан 2,5 пайызға дейін көтерді. Он жыл бойы өзгермеген меже алғаш рет қайта қаралды.


Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
14 қараша 2026 ж. 35 0