Қылмыстың өтеуі – жаза
Мал бағу – ата-бабамыздан қалған тіршілік көзі, күн көрісі, отбасының берекесін арттыратын кәсіп. Мал шаруашылығын дамыту қаншама жылдар өтсе де өміріміздің ажырамас бір бөлшегіне айналған.
Ықылым заманнан бері мал бағып, өсірумен айналысқан жерде мал ұрлығы болған. Бұл қылмыс түрі бүгінде халық шарушылығының басты қатері болып отыр. Әсіресе, күн көрісінің жалғыз көзі болып отырған отбасылар үшін ауыр зардап болары анық.
Ықылым заманнан бері мал бағып, өсірумен айналысқан жерде мал ұрлығы болған. Бұл қылмыс түрі бүгінде халық шарушылығының басты қатері болып отыр. Әсіресе, күн көрісінің жалғыз көзі болып отырған отбасылар үшін ауыр зардап болары анық.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 2020 жылы – 23, 2021 жылы – 8 мал ұрлығы дерегі тіркеліп, қылмыстылық 65%-ға төмендеген. Ал биылғы жылдың 2 айының есебіне сәйкес 3 мал ұрлығы (2021 жылдың 2 айында – 3 мал ұрлығы) тіркелген.
Етке деген сұраныстың әрқашан жоғары болуы, ет бағасының нарықпен пропорционалды түрде өсуі, жайылымда қараусыз жүрген малды ұрлау арқылы оңай жолмен олжалы болу мүмкіндігі мал ұрлығы қылмыстарының көрсеткішінің артуына себеп болып отыр.
2019 жылдың 27 қазанында ел Президенті мал ұрлығына қатысты жауапкершілікті күшейту қажеттігіне назар аударды. Осыған байланысты қылмыстық заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасы енгізіліп, Қылмыстық Кодекстің 188-1 бабымен «Мал ұрлығы» қылмысы үшін қатаң жауапкершілік көзделді. Онымен қоса мал ұрлығы қылмыстары «ауыр» санаттағы қылмыс түріне жатқызылды. Мал ұрлығы үшін ең қатаң жаза қылмыстық жолмен табылған мүлкінен айырумен қатар 12 (он екі) жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.
Ал алдын ала сөз байласуы арқылы адамдар тобымен немесе ірі мөлшерде жасалған мал ұрлығы үшін мүлкі тәркіленіп, 3 (үш) жылдан 7 (жеті) жылға дейін бас бостандығынан айыру, тұрғын үй-жайдың, мал қораның немесе өзгеде қойманың ауласына кірумен жасалған мал ұрлығы үшін мүлкі тәркіленіп, 5 (бес) жылдан 10 (он) жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұл қылмыстар үшін жазаның қатаң болуы мал ұрлығы қылмыстарының алдын алуды, болдырмауды көздейді.
Б.ЖҰМАҒАЛИ,
Сырдария ауданы прокурорының көмекшісі
Сырдария ауданы прокурорының көмекшісі