Қауіпті індеттен қорғана білейік

Жыл басынан бастап аудан бойынша 614 адам коронавирус індетін жұқтырған. Ал бүгінгі мәлімет бойынша 1 адам жұқпалы дертке шалдыққан. Коронавирустың сиптомды білгісі анықталған науқас ем алу үшін облыстық жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Әлі күнге қоғам өмірінен алшақтамаған індет селқостықты кешірмейді. Қай кезде де әлеуметтік ара-қашықтықты сақтап, көпшлік жерден бойымызды алыс ұстау керек. Жақынымызға жанашыр болу үшін дер кезінде екпе қабылдап, ұжымдық иммунитет қалыптастырған жөн. Бүгінде ауданға әкелінген вакцинаның 19800 І комненті толықтай орындалып тұр.
– Өңірімізде эпидиомологиялық ахуал тұрақты. Көпшілік вирустан қорғану жолдарын біледі. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, індетті өмірімізден алшақ ұстауымыз керек. Әрбір адамның денсаулығы – басты байлығы. Ендігі жерде ағаттыққа жол бермеуге мүдделеміз. Дезинфекциялық шараларды жүргізу арқылы коронавирустан қорғана аламыз. Сонымен бірге ерікті түрде аудан тұрғындарын ерікті түрде екпе қабылдауға шақырамын, – дейді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Құралай Омарова.
Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі