Ортақ еңбек – ортақ абырой
Ризығын Жер-Анадан тауып, қыс бойы жерге күтім жасаса, ала жаздай егіннің бітік шығуына бар ықыласын арнайтын шаруа адамы үшін күз мезгілінің маңызы зор.
Күзгі науқан жұмыстарын қорытындылайтын «Алтын дән-2021» мерекелік іс-шарасы жылдағыдай жоғары деңгейде өтті. Арнайы мерекелік іс-шараға қатысқан облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мезгілдің сан құбылуына қарамастан аянбай еңбек етіп, тер төккен, ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше үлес қосқан дала еңбеккерлеріне құрмет көрсетті. Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина, қала, аудан әкімдері, «Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы» қоғамдық ұйымының Қызылорда филиалының төрағасы Өмірхан Пашкенов пен сала үздіктері қатысты. Озаттар қатарында ауданға қарасты Аманкелді ауылдық округінің ветпункт меңгерушісі Н.Жүсіпов те бар.
Іс-шараға арнайы шақырумен қатысқан Нұрболат Шайхисламұлы ел байлығын еселеп, көбейту жолында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін арнайы «Алғыс хат» иеленді. Мерейі артқан мал шаруашылығы саласының майталманы осы салада еңбек етіп жүргеніне биыл 36 жыл толған. Шымкент қаласы, Сарыағаш ауданындағы Қапланбек аграрлық-техникалық колледжінде білім алған ветеринар оқу бітірген бойда туған жерге ту тігіп, Аманкелді ауылында еңбекке араласқан. Содан бері ауылдағы мал басын сақтауда, ел экономикасы мен ахуалын көтеруде аянбай еңбек етіп келеді. Аманкелді ауылы көршілес аймақтармен салыстырғанда мал басы көп ауыл болып саналады. 2015 жылдан бастап ауылдық округте ветпункт меңгеруші қызметіне тағайындалған білігі мен білімі, тәжірибесі мен көргені көп маман аталған саланың өз қиындықтары бар екенін айтады.
– Биыл шаруа адамдары үшін қиын жыл болды. Жайылымдық жерлерде шөптің аз шығуы малдың арық болуына, тіпті азаюына әкеліп соқты. Оның үстіне, қажетті құрал-жабдықтардың уақытылы жеткізілмеуі мәселені күрделендіріп отырды. Десек те, жағдай солай екен деп қарап отыруға болмайды. Біз өз тарапымыздан қажетті жұмыстың барлығын атқаруға тырыстық. Нәтижесінде, мал басын ортайтпай, төлдердің бәрін аман алып қалдық, – дейді Н.Жүсіпов.
«Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген сөзді ұстаным еткен маман өзінен де, өзгелерден де қатаң тәртіп, абыройға негіздеп жұмыс жүргізуді талап етеді. Соның нәтижесінде жоспарды үнемі уақытынан бұрын орындап отырған. Ерен еңбек пен адал қызмет бағаланып, мерейі артқан ветпункт меңгерушісі бұл жалғыз жеткен жетістігі еместігін айтады.
– «Жалғыздың үні шықпас» деген. Осынша шаруаны бір өзім атқармаймын. Ауылдағы ветеринарлық бөлімшеде барлығы төрт адам жұмыс істейміз. Қанатбек Миянов, Оразхан Ахметов, Айжан Төлеген есімді білікті мамандар ауыл халқының алғысын алып отыр. Атқарылып жатқан шаруа – ортақ еңбектің нәтижесі. Демек, озат атанып, алған марапатымыз да ортақ абыройымыз, – деп пікір білдірді Нұрболат Шайхисламұлы.
Айта кетейік, білікті маман бұған дейін де аудан, облыс көлемінде арнайы алғысқа ие болып, мерей тұғырынан көрінген.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ