Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтын дән-2021: ауылшаруашылық саласының үздіктері марапатталды

Алтын дән-2021: ауылшаруашылық саласының үздіктері марапатталды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова күзгі егін науқаны жұмыстарын қорытындылайтын «Алтын дән-2021» мерекелік шарасына қатысып, дала еңбеккерлеріне құрметін жеткізді.

Жиынға Қазақстан Респуликасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина, қала, аудан әкімдері, «Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы» қоғамдық ұйымының Қызылорда филиалының төрағасы Өмірхан Пашкенов, сала үздіктері және онлайн форматта 250-ге жуық шаруашылық өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы өтпелі қиындықтарға қарамастан ел қамбасын астыққа толтырып, мол өнім алуда қажырлы еңбек еткен шаруа қожалықтарының басшыларына алғысын жеткізіп, ізгі ілтипатын арнады.

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ең сенімді валюта – азық-түлік» деген сөзі бар. Уақыт өткен сайын ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы мәні мен маңызы артып келеді.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында облыс диқандары биылғы жылғы вегетация кезінде су тапшылығына және басқа да қиындықтың бәрін еңсере отырып, аянбай еткен еңбектерінің арқасында 500 мың тоннаға жуық Сыр күріші ел қамбасына құйылды. Биылғы жылдың маусым – шілде айларындағы ауа райының ыстығына, суармалы судың тапшылығына қарамастан маңдай терін төгіп, адал еңбектің үлгісін көрсеткен диқандарымызға қандай мадақ айтсақ та жарасады. Өздеріңізге барша Сыр жұртшылығы - жерлестеріңіздің атынан алғысымды білдіремін!, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
22 қазан 2021 ж. 253 0