Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » ӨМІРХАН ПАШКЕНОВТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ

ӨМІРХАН ПАШКЕНОВТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ


Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы саласында 40 жылдан астам еңбек еткен Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Өмірхан Пашкеновті зейнеткерлік жасына жеткенімен әріптестері құттықтады.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Пашкеновті еңбек демалысына шығуымен құттықтап, аймақтың ауыл шаруашылығы саласына қосқан зор үлесін атап өтті.
«Өмірхан Пашкенов ауыл шаруашылығы саласының білікті маманы ретінде өндіріске жаңа технология тарту бағытындағы шебер ұйымдастырушысы бола білді, әрі облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарының алдында зор абыройға ие азаматтардың бірі. Ол өзінің 40 жылдан астам еңбек жолында тек қана мамандығы бойынша жұмыс жасап, ауыл шаруашылығы саласын дамытумен айналысты. Өздеріңізге белгілі, елді асыраушы сала болып саналатын ауыл шаруашылығының арқалаған жұмыс ешуақытта жеңіл болмаған. Өмірхан Пашкенов, зейнетке шыққанымен алдағы уақыттағы қызметінде осы жұмыстарды жалғастырып, басқарма басшысының кеңесшісі ретінде ауыл шаруашылығында жас мамандарды тәрбиелеу, өз тәжірибесімен бөлісу жұмыстарын атқаратын болады», - деді аймақ басшысы.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқаны үшін Өмірхан Пашкенов Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Атап өтейік, Өмірхан Пашкенов 1977 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту ордені мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын аяқтап, еңбек жолын агроном маманы ретінде бастады. Әрі қарай бас агроном, колхоз төрағасының орынбасары, аудандық мемлекеттік тұқым инспекциясының бастығы және аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымдарын абыроймен атқарды. Соңғы 15 жылдан бері облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында жұмыс істеп келеді. Өмірхан Пашкеновтың ауыл шаруашылығы саласындағы еңбегі айрықша бағаланып, 2 мәрте Ыбырай Жахаев атындағы жүлдемен, ауыл шаруашылығы саласының үздігі және мемлекеттік қызмет саласының үздігі төсбелгілерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
25 маусым 2018 ж. 985 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам