Байрақты бәсеке бүкіл республика бойынша қолдау тапты
«Nur Otan» партиясы «Qazaq Epos» қоғамдық қоры және Білім және Ғылым министрлігі бірлесе ұйымдастырып отырған «Тұлпар мініп, ту алған» бәйгесі бүкіл республика бойынша қолдау тапты.
Өскелең ұрпақты көненің көзі – жыр жауһарларымен сусындатып қана қоймай, бала бойына ұлтжандылық, ерлік, елдік рухын оятып, жыр жаттау машығын қалыптастыруына зор ықпал етті. Бұл тұста ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Биыл байқауға екінші мәрте қатысқалы отырмыз. Былтыр "Қобыланды батыр" жырын жатқа айту кезеңінде оқушым Ғайниза Бөкенбайқызы аудандық кезеңнен 2-орын иегері атанып, облысқа жолдама алған болатын. Биылғы жылы да талаптанып, оқушым Жәмила Әбсаттарды дайындау үстіндеміз. Жырды толық жаттау, мәнерлеп оқу, эпостың әр сөзінің мазмұны мен мағынасын түсіну – басты талап. Жырды меңгеру арқылы оқушы тарихқа да тұшынып, білім қоржынын толықтырады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеде қатысушыларға сәттілік тілейміз.
Асылзат Тұрсынбаева,
Сырдария ауданы, №137 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі