Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 150 мың теңгені кім ұтып алды?

150 мың теңгені кім ұтып алды?

Елімізде оқушылар арасында батырлар жырын жатқа оқудан «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы қолға алынды. Байқау Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі өскелең ұрпақты халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеуде, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулуда бұл шараның маңызы зор. Байқаудың аудандық кезеңінде 1-орын үшін 150 мың теңге, 2-орынға 100 мың теңге, 3-орынға 50 мың теңге көлемінде ақшалай жүлде тағайындалып отыр.
Бүгін№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында «Qazaq Epos» республикалық қоғамдық қоры, облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Байқауға ауданның 17 мектебінен 150 оқушы қатысты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып №37 мектеп-лицейдің 6 сынып оқушысы Мұратқызы Мөлдір І орын (жетекшісі Жаңабай Ардагүл), №137 орта мектептің 8 сынып оқушысы Бөкенбайқызы Ғайниза ІІ орын (жетекшісі Тұрсынбаева Асылзат), №36 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Базарбаева Арайлым ІІІ орын (Тұрлыбекова Жанар) иеленді.
Нағыз жүйріктер байқаудың облыстық кезеңінде де жүлделі орындарға ие болатынына сенім мол.

18 қыркүйек 2019 ж. 1 072 0