Тәрбиесін ұл-қыздың, алмасаң қолға жасынан...
Шығарып бәрін жарыққа,
Ойдағы сөздің асылын.
Берді бізге үстемдік,
Менің алтын ғасырым!
***
Қашан, қайда жүрсең де,
Ізет, әдеп сақтағайсың.
Тірлігі үшін өмірдің,
Ақ жүзіңді сатпағайсың.
***
Зер салып ой жіберсең,
Аласы малдың сыртында.
Өзгеге тиер залалы,
Адамның арам ұртында.
***
Ойлаған адамға,
Ғұмыр тым қысқа.
Таза жүр, бойыңды,
Әрдайым тік ұста.
***
Түзу жолға баланы,
Салу сенің міндетің.
Бойға дұрыс сіңбесе,
Келер содан індетің.
***
Бала тәтті, сүйкімді,
Қияға ұшар қанатың.
Көз алдыңда жалындап,
Маздап оттай жанатын.
***
Бала – ыстық, бауырың,
Үзілмес ойын-сауығың,
Қуанышың, қызығың,
Тигенше жерге жауырың.
***
Сыйла ата-анаңды,
Түсірме қаяу жүзіне.
Сала берме көзіңді,
Қисық басқан ізіне.
***
Тәрбиесін ұл-қыздың,
Алмасаң қолға жасынан.
Береке, бірлік қашады,
Жайсыз оттың басынан.
***
Өссе жақсы балаңыз,
Төбеңіз көкке жетеді.
Қатарынан ең үздік,
Жігіт болып кетеді.
***
Ықпалымен келіннің,
Кетсе балаң бұзылып.
Ата-ананың көңілі,
Қалар мүлде үзіліп.
***
Балаға бөл көңілді,
Қалмасын айдалада.
Ақылыңды айта бер,
Жетсін толық санаға.
***
Текті менен тексіздің,
Ара жігі аспандай.
Жақсы жанмен жанасып,
Сүрейік өмір жасқанбай.
***
Баянды істің көбісін,
Игі әйелдер жасады.
Қажыры мен қайраты,
Ер адамнан асады.
***
Болса жаман алғаның,
Сорлайды алтын басың.
Қабағың бір ашылмай,
Өксиді өмір жасың.
***
Басын бассаң кетпеннің,
Маңдайға тиер сабы бар.
Түсінбей қу өмірді,
Жүргендер де табылар.
***
Биік ұста бәрінен,
Ар-намыс пен қайратты.
Болса таза пейілің,
Көрінесің айбатты.
***
Жаратқанның заңы сол,
Өмірге екі келмейсің.
Кейінгі жас ұрпаққа,
Өсиет неге бермейсің?!
***
Болса қулық, сұмдығың,
Шыға алмайсың шыңға да.
Абыройдан жұрдай боп,
Жарамайсың дымға да.
***
Көргенді бала әрдайым,
Сыйлайды ата-анасын.
Болса ұятсыз, тарыдай,
Шашылып, жолда қаласың.
***
Сөздің төтесіне көшкенде,
Балаң кім болады өскенде?!
Өсіп, өніп, етсе еңбек,
Күндемейді еш пенде.
***
Балаңмен тіл тауып,
Сөйлессең ақырын.
Өсіп көңілі, қабылдар,
Ата-ана ақылын.
***
Ашқың келсе балаңа,
Келешекке даңғыл жол.
Айтып ақыл, үйретіп,
Бірге жүріп, бірге бол.
***
Ата-ана баланың,
Тағдырын ойласын.
Сезімін оятып,
Терең бойласын.
***
Үйрете бер балаға,
Адалдықтың ұғымын.
Қайрымы мол болып,
Берсін өмір жұғымын.
***
Айтудан ақыл қалма кеш,
Баланың жәйін жүр ұғып.
Масайрап сауық-сайранмен,
Өткізіп алма бос ығып.
***
Балаң жақсы болса,
Төбең көкке жетеді.
Оспадар болса,
Үмітің зая кетеді.
***
Өсетін бала ұмтылады алға,
Қолдап жүр, соңынан қалма.
Өшетін бала кері кетіп,
Басын алып жүрер зорға.
***
Жаман бала батырады сорға,
Бұлталақтап оңға, солға.
Ағартады шашыңды да,
Кейде түсіп жаман жолға.
***
Балаңа ақыл айт ерте ме, кеш пе,
Көрген қиындықты салып еске.
Тағдырды болжай алмайсың,
Даурығып құр бекер бөспе.
***
Төбе-төбе ауыл боп,
Кетсе қандай жұбаныш.
Жатса өсіп шүпірлеп,
Көңілге зор қуаныш.
***
Сәбиді бөлеп бесікке,
Тербеткенде жұбанар.
Жас көңілі елжіреп
Әлдилеп ана қуанар.
***
Жіберсең баланы еркіне,
Салады сауық-сайранын.
Жұтып алып соңынан,
Шығарады ойранын.
***
Сөзінің болса тұрағы,
Дұрыс жауап, сұрағы,
Тәуекелге бел буып,
Дос болуға тұрады.
***
Жөнсіз сырыңды ашпа,
Елбектеп асып-саспа.
Қайыры мен мейірі бар,
Жақсы адамнан қашпа.
***
Жұмысы жоқ баланың,
Қадірі де болмайды.
Өмірдің қалып көшінен,
Қиналып жаны сорлайды.
***
Аталы сөз қалар есте,
Ұшасың қанат қағып.
Құрбымен қандай жақсы,
Отырған сыр ақтарып.
***
Алдымен тыңдап ал,
Көкірекке бәрін түйіп.
Салмақты ой таста,
Кетпегін босқа бүйіп.
***
Әрбір оттың басында,
Сақталсын бірлік, береке.
Ұлғайтып дау-дамайды,
Болмасын жұртқа келеке.
***
Болса балаң жақсы,
Көңілің тасып сүйінесің.
Қалса шықпай ойыңнан,
Назарың пәс, күйінесің.
Ойдағы сөздің асылын.
Берді бізге үстемдік,
Менің алтын ғасырым!
***
Қашан, қайда жүрсең де,
Ізет, әдеп сақтағайсың.
Тірлігі үшін өмірдің,
Ақ жүзіңді сатпағайсың.
***
Зер салып ой жіберсең,
Аласы малдың сыртында.
Өзгеге тиер залалы,
Адамның арам ұртында.
***
Ойлаған адамға,
Ғұмыр тым қысқа.
Таза жүр, бойыңды,
Әрдайым тік ұста.
***
Түзу жолға баланы,
Салу сенің міндетің.
Бойға дұрыс сіңбесе,
Келер содан індетің.
***
Бала тәтті, сүйкімді,
Қияға ұшар қанатың.
Көз алдыңда жалындап,
Маздап оттай жанатын.
***
Бала – ыстық, бауырың,
Үзілмес ойын-сауығың,
Қуанышың, қызығың,
Тигенше жерге жауырың.
***
Сыйла ата-анаңды,
Түсірме қаяу жүзіне.
Сала берме көзіңді,
Қисық басқан ізіне.
***
Тәрбиесін ұл-қыздың,
Алмасаң қолға жасынан.
Береке, бірлік қашады,
Жайсыз оттың басынан.
***
Өссе жақсы балаңыз,
Төбеңіз көкке жетеді.
Қатарынан ең үздік,
Жігіт болып кетеді.
***
Ықпалымен келіннің,
Кетсе балаң бұзылып.
Ата-ананың көңілі,
Қалар мүлде үзіліп.
***
Балаға бөл көңілді,
Қалмасын айдалада.
Ақылыңды айта бер,
Жетсін толық санаға.
***
Текті менен тексіздің,
Ара жігі аспандай.
Жақсы жанмен жанасып,
Сүрейік өмір жасқанбай.
***
Баянды істің көбісін,
Игі әйелдер жасады.
Қажыры мен қайраты,
Ер адамнан асады.
***
Болса жаман алғаның,
Сорлайды алтын басың.
Қабағың бір ашылмай,
Өксиді өмір жасың.
***
Басын бассаң кетпеннің,
Маңдайға тиер сабы бар.
Түсінбей қу өмірді,
Жүргендер де табылар.
***
Биік ұста бәрінен,
Ар-намыс пен қайратты.
Болса таза пейілің,
Көрінесің айбатты.
***
Жаратқанның заңы сол,
Өмірге екі келмейсің.
Кейінгі жас ұрпаққа,
Өсиет неге бермейсің?!
***
Болса қулық, сұмдығың,
Шыға алмайсың шыңға да.
Абыройдан жұрдай боп,
Жарамайсың дымға да.
***
Көргенді бала әрдайым,
Сыйлайды ата-анасын.
Болса ұятсыз, тарыдай,
Шашылып, жолда қаласың.
***
Сөздің төтесіне көшкенде,
Балаң кім болады өскенде?!
Өсіп, өніп, етсе еңбек,
Күндемейді еш пенде.
***
Балаңмен тіл тауып,
Сөйлессең ақырын.
Өсіп көңілі, қабылдар,
Ата-ана ақылын.
***
Ашқың келсе балаңа,
Келешекке даңғыл жол.
Айтып ақыл, үйретіп,
Бірге жүріп, бірге бол.
***
Ата-ана баланың,
Тағдырын ойласын.
Сезімін оятып,
Терең бойласын.
***
Үйрете бер балаға,
Адалдықтың ұғымын.
Қайрымы мол болып,
Берсін өмір жұғымын.
***
Айтудан ақыл қалма кеш,
Баланың жәйін жүр ұғып.
Масайрап сауық-сайранмен,
Өткізіп алма бос ығып.
***
Балаң жақсы болса,
Төбең көкке жетеді.
Оспадар болса,
Үмітің зая кетеді.
***
Өсетін бала ұмтылады алға,
Қолдап жүр, соңынан қалма.
Өшетін бала кері кетіп,
Басын алып жүрер зорға.
***
Жаман бала батырады сорға,
Бұлталақтап оңға, солға.
Ағартады шашыңды да,
Кейде түсіп жаман жолға.
***
Балаңа ақыл айт ерте ме, кеш пе,
Көрген қиындықты салып еске.
Тағдырды болжай алмайсың,
Даурығып құр бекер бөспе.
***
Төбе-төбе ауыл боп,
Кетсе қандай жұбаныш.
Жатса өсіп шүпірлеп,
Көңілге зор қуаныш.
***
Сәбиді бөлеп бесікке,
Тербеткенде жұбанар.
Жас көңілі елжіреп
Әлдилеп ана қуанар.
***
Жіберсең баланы еркіне,
Салады сауық-сайранын.
Жұтып алып соңынан,
Шығарады ойранын.
***
Сөзінің болса тұрағы,
Дұрыс жауап, сұрағы,
Тәуекелге бел буып,
Дос болуға тұрады.
***
Жөнсіз сырыңды ашпа,
Елбектеп асып-саспа.
Қайыры мен мейірі бар,
Жақсы адамнан қашпа.
***
Жұмысы жоқ баланың,
Қадірі де болмайды.
Өмірдің қалып көшінен,
Қиналып жаны сорлайды.
***
Аталы сөз қалар есте,
Ұшасың қанат қағып.
Құрбымен қандай жақсы,
Отырған сыр ақтарып.
***
Алдымен тыңдап ал,
Көкірекке бәрін түйіп.
Салмақты ой таста,
Кетпегін босқа бүйіп.
***
Әрбір оттың басында,
Сақталсын бірлік, береке.
Ұлғайтып дау-дамайды,
Болмасын жұртқа келеке.
***
Болса балаң жақсы,
Көңілің тасып сүйінесің.
Қалса шықпай ойыңнан,
Назарың пәс, күйінесің.
Итен ҚАРЫМСАҚҰЛЫ,
Қазақстанның Құрметті журналисі,
Қазақстанның Құрметті журналисі,
Қызылорда қаласының, Сырдария ауданының Құрметті азаматы