Сөз сәулесі
Кедейсің бе, байсың ба, кетпе озып әдептен...
Уақыттың көп иірімі,
Шатқалаңы тағы бар.
Болсаң мықты кәнекей,
Тап бастырмай танып ал!
***
Беттің арын белбеуге,
Тасқып буып тастадық.
Өмір жайлы енді біз,
Ашық жаза бастадық.
***
Қызығын бар дүниенің,
Кешпей бастан білмейсің.
Қым-қуыт мына тірлікте,
Көзіңе жөнді ілмейсің.
***
Соңыңа сөз ермесін,
Жамандығын бермесін.
Тозған күйкі тірлікті,
Ұрпағымыз көрмесін.
***
Қалыптасқан өмірдің,
Шырқын әсте бұзба.
Абайсызда опық жеп,
Кетерсің түсіп құзға.
***
Кедейсің бе, байсың ба,
Кетпе озып әдептен.
Сыйлауды адам баласын,
Сіңіріп бойға әдеттен.
***
Көрдік мына заманның,
Қиындығын, жоғын да.
Алып еске жүрейік,
Аштығы мен тоғын да.
***
Ашық жазып бәрін де,
Керек түзеу қисықты.
Жолға оңды түспеген,
Тезіңе сал қырсықты.
***
Әділдік жолында,
Табаны тайғанақ.
Жоқ мүлде сүйкімі,
Екі жүзді, айғабақ.
***
Келгенде бетпе-бет,
Ыржиып күледі.
Тұр көзі аунақшып,
Мұздай жүрегі.
***
Қамы үшін халықтың,
Бүйрегі бүлк етпейді.
Көздеп бас пайдасын,
Жымқырып, ептейді.
***
Қайран шексіз қу тірлік,
Шығарады шыңға да.
Арпалысқан тірлікте,
Батырады мұңға да.
***
Еріп жұрттың тіліне,
Жету қиын түбіне.
Құрдымына теңіздің,
Кетсе ағып түңілме.
***
Еркекті әйел билесе,
Жанын жеп қорлағаны.
Бойында іліп алар,
Ар-намыс болмағаны.
***
Ауырғанда өзіңнің,
Кім екеніңді білесің.
Аман қалып, ес жиғанда,
Есіңе алып жүресің.
***
Отқа май құйып,
Жалынын үдеткен.
Арада жүр әлі,
Жағымпаз күні өткен.
***
Адамның көз жасы,
Бекерге шықпайды.
Қиналған жанды,
Мәңгүдік ұқпайды.
***
Арам ой, пиғылың,
Кетпейді ұзаққа.
Масқара қылықпен,
Түсесің тұзаққа.
***
Орнында бір қалыпты,
Уақыт жылжып тұрмайды.
Бойдағы күш-қуатты,
Ақырындап ұрлайды.
***
Қазіргі еркек әйелдің,
Айтқанынан шықпайды.
Ата-ана ақылын,
Қанша айтса да ұқпайды.
***
Берген білім жасында,
Өз анасын ұмытқан.
Етек жайып барады,
Дүниеге құныққан.
***
Алыстан көз тартатын,
Қандай ғажап ақ терек!
Кемелденген қоғамда,
Адамға байлық, бақ керек.
***
Түбіне ен байлықтың,
Жете алмайсың, жетпейсің.
Бәрін буып арқалап,
Аспанға ұшып кетпейсің.
***
Байлық, мансап адамды,
Жолға теріс салады.
Қашырып мүлде үрейін,
Кемтардан кегін алады.
***
Жан таласар адамдар,
Жоқ байлықтың шегі.
Тоймайды көзі дүниеге,
Жатса да оңбай тегі.
***
Басқа мәңгі қонбайды,
Дүние, байлық, дәулетің.
Қалатын жайып өркенін,
Болсын жақсы әулетің.
***
Таза, адал еңбектің,
Кетпейді дәмі таңдайдан.
Тағдырдың не жазғанын,
Көресің тек маңдайдан.
***
Еңбек түбі – береке,
Не ексең – соны орасың.
Жаңа піскен бидайдың,
Қауызындай боласың.
***
Ойласаң тек абырой,
Төгілмей арың сақталар.
Кетсең басып ыза жер,
Іздейсің жолын ақталар.
***
Сөз – тас жарады,
Тас жармаса – бас жарады.
Қинап қатты шыбын жанды,
Шығарады масқараны.
***
Адамның ойы тозбайды,
Тамызып сөздің мәйегін.
Ұғынсаң терең астарын,
Табасың тоқтам, дәйегін.
***
Кәрі болсын, жас болсын,
Бұзса сөздің жүйесін.
Ойы таяз бейбақтың,
Сыңайына күйесің.
***
Етсең тірлік ерінбей,
Жүреді тоқ тамағың.
Салың суға кетпейді,
Ашылады қабағың.
***
Ақылды кісі іркілмей,
Айтады сөздің жүйесін.
Бетбақтырмас есері,
Жағып жаман күйесін.
***
Кеудені көп көтеріп,
Көрсете берме өзіңді.
Не болса соған тиісіп,
Жүр қадамай көзіңді.
***
Қадірін мына дүниенің,
Енді қашан ұғасың?
Жазығы жоқ адамға.
Тіліңді неге сұғасың?
***
Тәрбиесін баланың,
Алмасаң қолға жасынан.
Береке, бірлік кетеді,
Ұйыған оттың басынан.
***
Оспадарсыз қылықпен,
Қарамай кәрі, жасына.
Жөн-жосықсыз әркімнің,
Секіре берме басына,
***
Ортасында екі оттың,
Қойсаң қалып абайсыз.
Өтіп жатқан өмірді,
Сараптауға қалайсыз?
***
Қашан көрсең орны бөлек,
Төрде ғой.
Етек жақты менсінбейтін,
Пенде ғой.
***
Кердең қағып,
Жармасқанда биікке.
Жанды қысып,
Мазалайды мендегі ой.
***
Көз салғанда,
Байқағаным есерсің.
Бос кеудемен,
Қалай ғана өсерсің?!
***
Кете берсе осы екпінмен,
Келіп қарсы бәріне.
Болып жұрдай абыройдан,
Ұзамайды әріге.
***
Жалтақтамай әркімге,
Сөздің айтсақ ашығын.
Керек құрту қоғамның,
Жемқоры мен масылын.
Шатқалаңы тағы бар.
Болсаң мықты кәнекей,
Тап бастырмай танып ал!
***
Беттің арын белбеуге,
Тасқып буып тастадық.
Өмір жайлы енді біз,
Ашық жаза бастадық.
***
Қызығын бар дүниенің,
Кешпей бастан білмейсің.
Қым-қуыт мына тірлікте,
Көзіңе жөнді ілмейсің.
***
Соңыңа сөз ермесін,
Жамандығын бермесін.
Тозған күйкі тірлікті,
Ұрпағымыз көрмесін.
***
Қалыптасқан өмірдің,
Шырқын әсте бұзба.
Абайсызда опық жеп,
Кетерсің түсіп құзға.
***
Кедейсің бе, байсың ба,
Кетпе озып әдептен.
Сыйлауды адам баласын,
Сіңіріп бойға әдеттен.
***
Көрдік мына заманның,
Қиындығын, жоғын да.
Алып еске жүрейік,
Аштығы мен тоғын да.
***
Ашық жазып бәрін де,
Керек түзеу қисықты.
Жолға оңды түспеген,
Тезіңе сал қырсықты.
***
Әділдік жолында,
Табаны тайғанақ.
Жоқ мүлде сүйкімі,
Екі жүзді, айғабақ.
***
Келгенде бетпе-бет,
Ыржиып күледі.
Тұр көзі аунақшып,
Мұздай жүрегі.
***
Қамы үшін халықтың,
Бүйрегі бүлк етпейді.
Көздеп бас пайдасын,
Жымқырып, ептейді.
***
Қайран шексіз қу тірлік,
Шығарады шыңға да.
Арпалысқан тірлікте,
Батырады мұңға да.
***
Еріп жұрттың тіліне,
Жету қиын түбіне.
Құрдымына теңіздің,
Кетсе ағып түңілме.
***
Еркекті әйел билесе,
Жанын жеп қорлағаны.
Бойында іліп алар,
Ар-намыс болмағаны.
***
Ауырғанда өзіңнің,
Кім екеніңді білесің.
Аман қалып, ес жиғанда,
Есіңе алып жүресің.
***
Отқа май құйып,
Жалынын үдеткен.
Арада жүр әлі,
Жағымпаз күні өткен.
***
Адамның көз жасы,
Бекерге шықпайды.
Қиналған жанды,
Мәңгүдік ұқпайды.
***
Арам ой, пиғылың,
Кетпейді ұзаққа.
Масқара қылықпен,
Түсесің тұзаққа.
***
Орнында бір қалыпты,
Уақыт жылжып тұрмайды.
Бойдағы күш-қуатты,
Ақырындап ұрлайды.
***
Қазіргі еркек әйелдің,
Айтқанынан шықпайды.
Ата-ана ақылын,
Қанша айтса да ұқпайды.
***
Берген білім жасында,
Өз анасын ұмытқан.
Етек жайып барады,
Дүниеге құныққан.
***
Алыстан көз тартатын,
Қандай ғажап ақ терек!
Кемелденген қоғамда,
Адамға байлық, бақ керек.
***
Түбіне ен байлықтың,
Жете алмайсың, жетпейсің.
Бәрін буып арқалап,
Аспанға ұшып кетпейсің.
***
Байлық, мансап адамды,
Жолға теріс салады.
Қашырып мүлде үрейін,
Кемтардан кегін алады.
***
Жан таласар адамдар,
Жоқ байлықтың шегі.
Тоймайды көзі дүниеге,
Жатса да оңбай тегі.
***
Басқа мәңгі қонбайды,
Дүние, байлық, дәулетің.
Қалатын жайып өркенін,
Болсын жақсы әулетің.
***
Таза, адал еңбектің,
Кетпейді дәмі таңдайдан.
Тағдырдың не жазғанын,
Көресің тек маңдайдан.
***
Еңбек түбі – береке,
Не ексең – соны орасың.
Жаңа піскен бидайдың,
Қауызындай боласың.
***
Ойласаң тек абырой,
Төгілмей арың сақталар.
Кетсең басып ыза жер,
Іздейсің жолын ақталар.
***
Сөз – тас жарады,
Тас жармаса – бас жарады.
Қинап қатты шыбын жанды,
Шығарады масқараны.
***
Адамның ойы тозбайды,
Тамызып сөздің мәйегін.
Ұғынсаң терең астарын,
Табасың тоқтам, дәйегін.
***
Кәрі болсын, жас болсын,
Бұзса сөздің жүйесін.
Ойы таяз бейбақтың,
Сыңайына күйесің.
***
Етсең тірлік ерінбей,
Жүреді тоқ тамағың.
Салың суға кетпейді,
Ашылады қабағың.
***
Ақылды кісі іркілмей,
Айтады сөздің жүйесін.
Бетбақтырмас есері,
Жағып жаман күйесін.
***
Кеудені көп көтеріп,
Көрсете берме өзіңді.
Не болса соған тиісіп,
Жүр қадамай көзіңді.
***
Қадірін мына дүниенің,
Енді қашан ұғасың?
Жазығы жоқ адамға.
Тіліңді неге сұғасың?
***
Тәрбиесін баланың,
Алмасаң қолға жасынан.
Береке, бірлік кетеді,
Ұйыған оттың басынан.
***
Оспадарсыз қылықпен,
Қарамай кәрі, жасына.
Жөн-жосықсыз әркімнің,
Секіре берме басына,
***
Ортасында екі оттың,
Қойсаң қалып абайсыз.
Өтіп жатқан өмірді,
Сараптауға қалайсыз?
***
Қашан көрсең орны бөлек,
Төрде ғой.
Етек жақты менсінбейтін,
Пенде ғой.
***
Кердең қағып,
Жармасқанда биікке.
Жанды қысып,
Мазалайды мендегі ой.
***
Көз салғанда,
Байқағаным есерсің.
Бос кеудемен,
Қалай ғана өсерсің?!
***
Кете берсе осы екпінмен,
Келіп қарсы бәріне.
Болып жұрдай абыройдан,
Ұзамайды әріге.
***
Жалтақтамай әркімге,
Сөздің айтсақ ашығын.
Керек құрту қоғамның,
Жемқоры мен масылын.
(Басы. Жалғасы бар)
Итен ҚАРЫМСАҚҰЛЫ,
ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның Құрметті журналисі,
Қызылорда қаласының және Сырдария ауданының Құрметті азаматы.
ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның Құрметті журналисі,
Қызылорда қаласының және Сырдария ауданының Құрметті азаматы.