ЕҢСЕҢДІ ТҮСІРМЕ

Сенің де басыңда құлдырау пен көтерілу болары кәдік. Кәсіп саласында жүрген азаматтар мұны өте жақсы біледі. Бір кәсіп арқылы ғана өз салаңның үздігі болып, нарықты жаулап алу мүмкін емес. Жетістік деп аталатын шыңның ұшар басын бағындыру үшін мұздықтардан талай құлап, талай түрегелесің.
Жетістікке кім жетеді? Өз саласындағы келеңсіздіктерді салқынқандылықпен қабылдай білетін, келеңсіз жағдайлардан, қателіктерден сабақ ала білетін адам жетеді.
Құлдырауға ұшырадың ба, қызметіңнен айырылып қалдың ба? Еңсеңді түсірме! Барлығын қайта құруға немесе қалпына келтіруге болады. Ең бастысы не? Ең бастысы – өз кәсібіңе деген құлшыныс пен сүйіспеншілікті жоғалтпау.
Өмірдегі кез-келген кедергіні қабылдай біл! Ешқашан еңсеңді түсіріп, қабағыңды тұнжыратпа! Барлығы қалпына келеді!
https://syr-media.kz/
Пікір 1