Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Кәріз жүйесінің тиімділігі мол

Кәріз жүйесінің тиімділігі мол

Соңғы жылдары ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Оның ішінде тұрғындардың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін кәріз жүйесінің жағдайы ерекше маңызға ие. Аудандағы кәріз жүйесінің жай-күйін бағалап, оны күтіп ұстайтын Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі бұл бағытта сапалы жұмыс атқаруда. Ауызсумен қатар, кәріз жүйесінің қызметін үйлестіруде бөлімшенің әрбір маманы жергілікті халықтың сенімінен шығуға бар күшін салуда.

Тереңөзек кентінде 5 кәріз жүйесі орналасқан. Өткен жылы кәріз насос станциясына 6 дана СМ 125-80-315 қондырғысы сатып алынды. Бүгінде кәріз жүйесі толықтай жұмыс істеп тұрғанымен, алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Биыл аудан әкімдігінің қолдауымен аталған мәселенің шешімін табу жоспарланып отыр.

– Сырдария ауданындағы кәріз жүйесінің жағ­дайын инженерлік-инфрақұрылымдық тұрғыдан баға­лай отырып, қазіргі таңда бөлімшенің бұл салада атқарып жатқан жұмысы айқын екенін айта аламын. Кәріз жүйесінің көпшілік үшін пайдасы зор. Соңғы уақытта жаңа технологияларды енгізу арқылы кәріз жүйесінің сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Жоспарланған жобалар толық жүзеге асырылған жағдайда ауданның инфрақұрылымдық әлеуеті одан әрі нығая түседі. Алдағы уақытта насостардың жағдайын саралап, үнемі жаңартып отырамыз. Көп­қабатты тұрғын үйлердің орталықтандырылған кәріз жүйесінің істен шықпауына аса көңіл бөлеміз. Бұл бағытта сала мамандары үздіксіз қызметімен ерек­шеленеді. Мұның барлығы – ұжымның біркелкі жұмы­сының нәтижесі. Көпшілік біздің мекеме тек ауызсу жеткізумен айналысады деп ойлайды. Дегенмен біз кәріз жүйесі мәселелерін оңтайлы шешіп келеміз, – деді бөлімше директоры Бауыржан Жұмамұратов.

Ауданда жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың кәріз жүйесін тартумен айналысатын бірнеше кәсіпкер бар. Олар көпшіліктің сұранысына сай кәріз жүйесіне жиналған лас суды тасымалдап, қызмет көрсетеді. Мұндай жағдайда жеке кәсіпкерлер Сырдария ауда­нының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесімен арнайы келісімшартқа отырған.

– Мен Сырдария ауданында жеке тұрғын үйлер­дің кәріз жүйесін тазарту қызметімен айналысатын кәсіпкер ретінде бұл саланың маңыздылығын күнделікті жұмыс барысында айқын сезінемін. Тұрғын үйлердегі кәріз жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі – әрбір отбасының жайлы тұрмысының негізгі шарттарының бірі. Қазіргі таңда аудан тұрғындары тарапынан мұн­­дай қызметтерге сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Бұл, өз кезегінде, халықтың тұрмыс сапасына деген талаптың жоғарылағанын көрсетеді. Біз өз жұмысымызда заманауи техникаларды пайдаланып, қызмет сапасын арттыруға және жұмысты уақытылы әрі тиімді орындауға баса мән береміз. Жеке кәсіпкерлік саласында еңбек ете отырып, біз тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға өз үлесімізді қосып келеміз. Әсіресе, жеке секторда кәріз жүйелерін уақтылы тазарту мен күтіп ұстау – олардың ұзақ әрі сенімді жұмыс істеуінің кепілі. Сондықтан бұл бағыттағы қызмет тек техника­лық жұмыс қана емес, сонымен қатар жауапкершілікті талап ететін маңызды сала деп есептеймін. Алдағы уақытта да қызмет аясын кеңейтіп, жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге күш саламыз. Біз­дің мақсатымыз – аудан тұрғындарының тұрмысын жеңілдетіп, күнделікті өміріне қолайлылық енгізу. Осы бағытта Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесімен бірлесе жұмыс жасап келеміз, – деді жеке кәсіпкер Жасұлан Нұрханұлы.

Б. АЯБЕКҰЛЫ
01 мамыр 2026 ж. 63 0