Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды бейбітшілік пен келісімнің, дос­тық пен татулықтың үлгісіне айналған Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттық­таймын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ырысты ынтымақтың арқасында халқы­мыз­дың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы» деп ерекше атап көрсетті.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев­тың бастамасымен бірлігі бекем Сыр өңірінде жасампаз жұмыстар атқарылуда. Барлық жетістік өңір халқының мызғымас бірлігінің арқасында жүзеге асуда. Бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған ауданымыз жыл өткен сайын көркейіп, кемелденуде, экономикасы өрге басып келеді. Барлық маңызды бағыттар бойынша жоғары көр­сеткіштерге қол жеткізілуде. Осы жетістіктердің бәрінде аудан тұрғындарының татулық пен бірлікке бағытталған қажырлы еңбегі мен ақ ниеті бар.

Бүгінде Сырдария ауданында 11 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Аудандық ассамблеяның құрамы – этномәдени бағыттағы бірлестік өкіл­дері­нен, қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұл­ғалардан тұрады. Ассамблея қазіргі таңда «Аналар кеңесі», «Қоғамдық келісім кеңесі» және медиация бойынша жұмыстар атқарып, бірліктің бекем болуы­на еңбек етуде.

Бүгінгі достық пен татулық, ынтымақ пен бірлік мерекесінде сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, татулығымыз тұрақты болсын!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен
Берік СӘРМЕНБАЕВ,
Сырдария ауданының әкімі
01 мамыр 2026 ж. 75 0