Тіл – сарқылмас қазына
"Тіл мәртебесі – ел мәртебесі", "Тіл – достықтың алтын көпірі", "Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі" деген қазақтың мақал-мәтелінде үлкен мағына бар. Себебі ұлттың жаны мен байлығы саналатын тіл – ел болашағы ретінде баға жетпес қазына болып табылады.
Кемел келешегіміз ана тілімізбен байланысты. Бақытты ұрпақтың тірегі мен мәртебесі – елдің мерейі. Қай заманда болмасын тілдің қасиеті отбасынан басталған. Өз отбасында, өз Отанында ана тілінің мәртебесі қашанда биік тұруы тиіс.
Қай ұлт болмасын өз ана тілін қадір тұтады. Түркі тілдес халықтардың ішінде ең таза, ең бай тіл ол біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Әрбір қазақстандық өз ана тілін білуге, оны құрметтеуге міндетті. Елімізде 1997 жылы 11 шілдеде "Тіл туралы" Заң қабылданып, онда "Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі" деп жазылды. Қасиетті қазақ тілін білу арқылы салт-дәстүрімізді, дінімізді, ділімізді сақтап, келер ұрпаққа жеткіземіз.
Десек те мемлекетіміз үштұғырлы тіл бағдарламасын таңдады. Бұл еліміздің бәсекеге қабілетті озық 30 елдің қатарына кірудің бағыты. Себебі, үш тілде сөйлейтін, ойын еркін жеткізетін адам өз елінде де, өзге елде де бәсекеге қабілетті тұлға бала алады.
Мемлекет тарапынан қабылданған іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу ережесі мемлекеттік органдарда іске асып, қызмет көрсету аясын мемлекеттік тілде жүргізу қолға алынды. Бұл бір жағынан тіл тағдыры – ел тағдыры деген бағытымызды айқындаса, екінші жағынан тіл мәртебесін жоғары көтеруге қосатын үлесіміз екені мәлім.
Ербол ЖАНӘЛИЕВ,
полиция бөлімі бастығының орынбасары