Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 62 газет

19 тамыз 2025 ж.

№61 газет

16 тамыз 2025 ж.

№ 60 газет

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Тіл мерейін өсіру – міндет

Тіл мерейін өсіру – міндет

Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен рухани болмысының негізгі тірегі болуы шарт. Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана өзге халықтардан ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады. Ұлт тілінің мемлекеттік тіл ретінде танылуы – оның бағының жануы. Мемлекеттік тілді білу сол елдегі әрбір азаматтың ұлт алдындағы азаматтық борышы саналуы тиіс.

Мемлекеттік деңгейде тіл саясатының шешілуі – өзекті әрі тым күрделі мәселе. Бұл – қазақ халқының рухани болмысының негізін сақтап, дамуы, ұлттық идеологиялық саясаттың шешілуі деген сөз. Елбасының «Қазақ халқы жүздеген жылдар бойы аңсап, зарыға жеткен егемендігінің арқасында тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде өз ана тілінің мәртебесін Ата Заң арқылы белгілеп, бірінші рет қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды» – дегені мемлекеттік тілдің абыройы биік екенін аңғартады.

Мемлекетімізде Тәуелсіздік алған жылдардан бас­тап, мемлекеттік тілді дамытудың нақты стратегиясы белгіленді. Сот жүйесінде де мемлекеттік тіл мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Заман талабы Қазақстанда тұру үшін қазақ тілін білуді міндеттейтін болса, хан да, қара да қазақ тілін тез арада меңгеріп алары сөзсіз.

А.РАШИДОВА,
Сырдария аудандық сотының
іс жүргізу инспекторы
15 тамыз 2020 ж. 865 0