Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тіл – ел байлығы

Тіл – ел байлығы

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құді­ретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек – әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.
Менің ана тілім – қазақ тілі. Қазақ тілі – мем­лекеттік тіл. “Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы”, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі, – деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек.
Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттары мемлекеттік тілде болуы тиіс.
Сырдария аудандық соты барлық құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізеді.
Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауат­ты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу деге­німіз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы біл­мейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың. Тіл тағдыры – ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық.
Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілін меңгеруге міндетті.
Мен ана тіліммен мақтанамын және құрмет­теймін!

Н.Әбдікәрім,
Сырдария аудандық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы
29 маусым 2019 ж. 2 873 0