Бала тәрбиелеуде отбасының рөлі
М.Әуезовтың: «Ел болам десең – бесігіңді түзе»деп текке айтпаса керек. Расында, бұрындары тәрбиенің көзі отбасы болған.Ал осы отбасындағы тәрбиенің ұйытқысы - әжелер еді. Қазақ қоғамында бала тәрбиесімен тікелей әжелер айналысатын, Ауылды ақсақал билесе, отбасындағы тәрбиеге әжелер жауапты болған.. Ақжаулықты әжелер баланы жастайынан бауырына басып, оның бойына там-тұмдап ұлттық құндылықтарды сіңіре білді. Міне, осыдан қаршадайынан әженің ғажайып әңгімелері мен ертегілерін тыңдап өскен, сол арқылы халықтың сан ғасырлық мұраларын бойына сіңіріп, уызға жарып өскен азаматтар қалыптасты. Мысалы, кешегі өткен Абай, Ыбырай, Шоқан, Мұстафа сынды тұлғаларымызды алсақ, бәрінің әже тәрбиесінде өскенін байқауға болады.
Өмірге келген баланы қуанышпен қарсы алып «Шілдехана» өткізу, ат қою, тұсау кесу, туған күнін атап өту - әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш..Қазақ халқында тәрбие бала ана құрсағында жатқанад басталады.
Платонның «Ұлды тәрбиелей отырып, жердің егесін тәрбиелейміз, Қызды тәрбиелей отырып, ұлттың егесін тәрбиелейміз» деген данышпанның даналық пікірі бала тәрбиесі ұлт тәрбиесіне негізделгенін айқындайды.
Баланың табиғатын және оны түсініп қабылдау ерекшеліктері жөнінде Ыбырай Алтынсарин былай деген
Балалар сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, мәнерлі сөз, орынсыз орынсыз терминдерді қолданбау керек. Кім баласын әдептілікке, кітап оқуға, білім алуға, қайырымдылыққа тәрбиелемейді дейсіз. Қоғамда адамгершілік, мәдениет, рухани қасиеттер мол болса, бала тәрбиесі соғырлым жемісті болады.
Тәрбиеде басты назар аударатын мәселе – адамгершілік
Мұхаммед пайғамбардың отбасы туралы өсиеттері
Әкеге бағыну – Аллаға бағыну, Әкеге қарсы шығу – Аллаға қарсы шығумен бірдей
Балаларға суға жүзумен, мылтық атуды үйрету керек, Қыз балаға ойын – ұршық жақсы
Егер сені әкең мен шешең бір мезетте шақырса, алдымен анаңа барү
Әкенің махабатын сақтаңыз.Егкр әкеңе деген сүйіспеншілігіңізді жоғалтсаңыз, қара ниет болғаныңыз. Әр түрлі игіліктерден құр қаласыз.
Әрбір ата өз перзентіне өзінің мінез - өнегесінен арттық мұра қалдыра алмайды.
Ата-анасының разылығын алған бала - жақсы адам болып, Алла оның өмірін ұзақ қылады.
Сен үшін ең үлкен жау - өзіңнен туған жаман қылықты бала.
Бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі үлкен орын алады. Себебі, ата-аналар баланың мінез- құлқын, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Балалар үйде көрген тәрбиесін мектептен алған білім тәрбиесімен толыстырады.
Отбасында күнделікті болып жатқан үлкен-кішілі оқиғалар, ата-ананың өмірге, еңбекке көзқарасы, туыстарымен достарына ықыласы,, қонақ күтуі, демалыс күндерді қалай өткізуі, баламен қарым-қатынасы – барлығы әсерін тигізбей қоймайды. Бала іс-әрекеті жағынана ата-анаға үлкендерге қарап, еліктеп өседі.
Сондықтанда әрбір ата-ана өзінің үй ішілік іс-әрекетіне, сөзіне, басқалармен қарым-қатынасына ерекше көңіл бөліп, өзіне сын көзбен қарап жүруі керек. Бала тәрбиесіне үстірт қарау ата-ананың бала алдындағы абыройының жоғалуына әкеп соқтырады.
Отбасы алдындағы өте үлкен педагогикалық міндеттердің бірі – жас ұрпақты жарқын сезімдерге, мұрат – мақсаттарға ынталандыру.
Отбасында бос уақытты тиімді пайдаланудың маңызы зор. Отбасындағы тәрбиесін бала достары арасында, мектептеде көрсетеді. Сондықтан «балам көз алдымда отырса, қарны тоқ, киімі бүтін болса бәрі жақсы» деп, ойлау қате.
Үлкендердің үлгісі әрқашан да жағымды ыңғайда бола бермейтіні шындық. Отбасында ата-ана кей кезде орынсыз дөрекілік пен жағымсыз іс-әрекет көрсетіп қалады. Әлі талшыбықтай солқылдап өсіп келе жатқан, жақсы мен жаманды айыра алмайтын бала үшін бұл кері әсерін тигізеді. Бала осындай жағдайлардан кейін бей-берекет, былапыт сөздер айтуға әдеттенеді. Үлкендермен жарыса сөйлеп, «Сөзге қонақ беруден» қалады. Осындайда баланы тыя отырып, ата-ананы сөгіп айтатын «Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без, Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без» деген тыйымсөзді есту, өте ауыр тиері анық, себебі бұл сөз сүйектен өтіп, жүрекке қадалары анық.
Адамзаттың өмірге келгендегі негізгі мақсаты өзін-өзі жетілдіру. Өмір атты үлкен қиындығымен қуанышы көп жолда адамға ең алдымен демеу болатын оның отбасы. Кім үшінде отбасы жұлуымен жарасымдылығы өте маңызды. Адамның барлық болмысы отбасынан алған тәрбиеден көрінеді.
Отбасында жақсы тәрбие алған адам, жалпыадамзаттық қасиеттерге ие болып, қоғамда да өзінің орнын таба біледі.
Ақтоты АСАНОВА