ӘЖЕЛІ ҮЙ – НАЗАР, БАЛАЛЫ ҮЙ – БАЗАР
Жақында Аманкелді ауылында «Әжелі үй – назар, балалы үй – базар» тақырыбында әжелер мен немерелер арасында байқау өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында ұлттық салт-дәстүрді, жанұяның мызғымас беріктігін сақтау мақсатындағы байқауға ақ жаулықты әжелер мен тілі балдай немерелер қатысты.
Қазіргі таңда бала тәрбиесі ұдайы назардағы мәселе. Өйткені, сәби шақтан берілген тәлімді тәрбие оның болашақ өмірінің мәнді болуына тікелей байланысты. Ал осы тұста, әркез бала үшін «шыбын жанын шүберекке түйіп», бар жақсылық балаларға дейтін аналардың, отбасының ұйытқысы болған әжелердің орны бөлек. Үнемі ұл-қызға, немере-шөбереге қамқор болып, жаман-жақсыны ажыратуға, адалдық пен арамдықты ұғындыруға себепші ардақты жан арқылы бала адами тұлғаның қалыптасуын ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын бойына сіңіреді. Соның нәтижесінде, бүгінгі сәби ертең ел тізгінін қолға алып, оның дамуына еңбек етеді, халықтың ыстық ықыласына бөленеді.
Аманкелді ауылдық округі әкімінің қолдауымен, Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің демеушілігімен, ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен байқау 5 кезең бойынша өрбіді. Алдымен, байқауға қатысушылар өздерін таныстырды. Екінші кезең «Әжем айтқан ертегі» деп аталып, онда аяулы жандар немерелеріне ертегі айтты және оның мағынасын ұғындырды, тағлымын түсіндірді. «Өнерліге өріс кең..» кезеңінде немеремен бірге өнер көрсетсе, төртінші кезеңде салт-дәстүр мен ырымдарға, жанұялық тәрбиеге қатысты сұрақтарға жауап берді. Ал «Ана көрген тон пішер...» сайысында биылғы Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Сырдария ауданының 90 жылдығы, №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектептің 95 жылдығы мерейтойларына арналған қолөнер бұйымдарын көпшілікке көрсетті.
Тағылымды шараға қатысқан 6 жұпқа Қызылорда облысының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Тасыбаев, кәсіпорын басшысы Ж.Оразов және аудандық «Әжем айтқан ертегі» байқауының бас жүлдегері, облыстық байқаудың ІІ орын иегері Ш.Қайырова қазылық етті. Нәтижесінде, отыз жылдық тарихы бар «Жадыра» халықтық әжелер ансамбілінің мүшесі Бисенкүл Иманбердиева немересі Батыржанмен жүлделі І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, Сапаркүл Есмағанбетова немересі Ақнұрмен, Ақмарал Әбдірахманова немересі Дәулеткереймен жүлделі ІІ және ІІІ орындарды өзара бөлісті. Байқауға қатысқан басқа да әжелер немерелерімен «Алғыс хат» алып, естелік сыйлыққа ие болды.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ