Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ



Ардақты аналар алғашқы сабақтарын қазақтың ұлттық киімдерін киіп, ауданға қарасты «Ботагөз» санаториялық, «Нұр Бөбек-Тереңөзек» балабақшаларында бүлдіршіндермен жүргізді. Түскі тынығу уақытында әжелер балаларға қазақ ертегілерін айтып берді. Ертегілердің басым көпшілігі балалар бойына ұлттық тәрбиені, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты сіңіруге арналды. Ардагер ұстаз, аяулы аналар Сұлупан Шамшадинова мен Роза Әбдуова кішкентай балақайлардың сауалдарына жауап берді. Олардың ой өрісін дамытуға арналған мән-мағыналы әңгімелер айтты. Ал, әжелер мектебінің үшінші сабағы қазақ қолөнеріне арналды. Қолөнер сабағын Құралай Әбілхайырова жүргізді. Сабақ барысында отбасында ақ жаулықты аналар түрлі маталардан құрақ құрап, түрлі кестелер тоқудың тәсілдерін көрсетті. Бұрыннан белгілі егде тартқан әжелеріміз арнайы сандықта шыт маталарын сақтап отырған.Келіндері мен немерелерін ортаға алып, қолөнер бұйымдарын жасауды үйреткен. Сонымен қатар шарада тұрмыстық қалдықтардың да кәдеге жарайтындығы тілге тиек етілді. Әр түрлі бұйымдарды қайта жаңалау жолдары түсіндірілді. Жастарды ысырапшылдықа бой алдырмай, үнемшіл болуға шақырды. Өз кезегінде келін мен ененің арасындағы татулық мәселесі айтылып, жас келінді ұлттық өнерге баулу жолдары пысықталды. Төртінші сабақ егде жастағы кісілердің белсенді өмір салтына бағытталды. Сабақты Әлия Төлеуова жүргізіп, қарт кісілердің күні бойына дұрыс тамақтануы, денсаулықты күтіп ұстауы, жас айырмашылығына қарай дене белсенділігін қалыптастыру жолдарын жеткізді. Бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты жақсарту қағидаттары қамтылды. Егде тартқан кісілердің күтімін жақсарту мақсатында үй жағдайында жасалатын тағамдар, пайдалы заттар, дәрумен көздері көпшілікке ұсынылды. 
Міне, зейнет жасына жетсе де, үйде отырып қалмай, пайдалы жұмыстарды қолға алған аналар қауымы ұлттық сананы жаңғырту үшін қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда. Өмірден түйгендерін жастарға насихаттауда. Тағылымды шараларды ұйымдастыруда өз ойларын ортаға салып, рухани тұрғыда тұрмыс- тіршілігін қайта қалыптастыруда. Ел аналары алдағы уақытта игі шаралар легін жалғастырмақ ниетте.

Б.ОРДАБЕКОВ
22 қараша 2017 ж. 2 153 0