Халық алғысын алған фельдшер
Биылғы жыл әлем жұртшылығы үшін денсаулық сақтау саласы мамандарының өміріміздегі алатын орнын көрсетіп бергендей. Пандемия кезінде өз жанынан өзгенің денсаулығын артық қойып, күн-түн демей тікесінен тік тұрып қызмет атқарған медицина қызметкерінің бірі – Анфиса Семенова.
Анфиса Петровна Тереңөзек кентінде дүниеге келіп, ауданымыздағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектепті тәмамдаған. 2001 жылы Қызылорда медициналық колледжін қызыл дипломға бітірген. Қазіргі таңда Сырдария аудандық жедел-жәрдем қызметінде фельдшер болып қызмет атқарады. Бала күнінен әжесінің тәрбиесінде өскен Анфиса, ол кісінің көп ауырғандығын көріп өскеннен соң дәрігер болып, адамдарға көмек беремін деп армандаған екен.
Қазіргі таңда 19 жылдық тәжірибесі бар маман артериалдық гипертензия, инфаркт, инсульт алған ауыр жағдайдағы науқастарға бірнеше мәрте алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жұмыс тәжірибиесінде осыдан бес жыл бұрын үй жағдайында жүкті әйелді аман-есен босандырып алған Анфиса Петровна өз сөзінде:

– Мен әрбір емделуші үшін қатты алаңдаймын, науқастың жағдайы жақсарып кеткенше дәрігерден халін біліп отырамын. Ауыр жағдайдағы науқастар оңалып келе жатқанын естісем жүрегімде тыныштық орнап, ерекше қуанам, – деді.
Осы сөздердің өзі Анфисаның өз ісін ерекше ықыласпен жасайтындығын көрсетіп тұрғандай. Маман ретінде елдегі қиын жағдай кезінде аянбай қызмет етіп, адам жанын арашалап қалуға көмек бере отырып, өз мамандығына деген махаббатын тағы бір дәлелдей түскендей. Елде вирусты инфекция тарап жатқан шақта араға күн салып кезекшілік атқарып, 30-40 шақырту қабылдап, тәулік ішінде бірнеше адамның жанын ажалдан арашалап қалуға тырысқан Анфиса Петровна бұл жағдайдың өзі үшін де оңай болмағандығын айтты.
– Үй шаруасымен қатар халықтың мұң-мұқтажын арқалап жүру оңай болмады. Өзім де вирустың жеңіл түрімен ауырдым. Дегенмен, тұрғындардың өмірі маңызды екенін білгендіктен өзімді тез жинап алдым. Тәулік бойы тікемізден тік тұрып, жаздың ыстығына қарамастан ауа өткізбейтін сырт киімдер киіп, әрбір науқастың өмірі үшін күрестік. Жұмысқа жағдайдың жақсаруынан үміттеніп келетінмін. Мен үшін ең ауыры әріптесім Жанар Қостаевадан айрылып қалағандығымыз болды. Алайда соңына дейін үміт үзбей, мықты болу керек екендігін түсініп, жақсылықтың боларына сендім, – дейді Анфиса Петровна.
Анфиса ауданымыздың денсаулық сақтау саласына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан маман, сонымен қатар жары Петрмен екі бала тәрбиелеп отырған ардақты ана. Тұңғышы Анастасия тоғызыншы сынып оқыса, кішісі Даниил алтыншы сыныпта оқиды. Осындай өз ісінің маманы Анфиса Петровнаға аудан тұрғындарының да айтар алғысы бар екен.
– Былтыр менің қан қысымым 200-ге көтеріліп, жедел-жәрдем қызметін шақырған болатынмын. Сонда Анфиса Семенова маған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, нәзікжанды болғанына қарамастан зембілдің бір жағын өзі ұстады. Өз ісінің маманы болуымен қатар, мамандығын сүйіп жасайтын мықты медицина қызметкері деп сеніммен айта аламын және шын жүректен алғысымды білдіремін, – дейді Жанар Тұрсынбайқызы.
Науқасқа алғашқы көмектің дұрыс көрсетілуі өмірін қауіптен аман алып қалуға ықпал етері анық. Анфиса секілді халық алғысын алып, жанына араша түсіп, дертіне шипа тауып жүрген осындай қызметкердің ауданымызда болғаны біз үшін қуаныш.
Жұлдызай АНШАЕВА