Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрегі тоқтап қалған 90 жастағы кейуана тіріліп кетті

Жүрегі тоқтап қалған 90 жастағы кейуана тіріліп кетті


Шымкентте 90 жастағы қарияның жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
Оқиға 4 қаңтарда қаладағы жекеменшік үйлердің бірінде орын алған. Туыстары бірден жедел жәрдем шақырыпты. Мамандар егде жастағы адамға шұғыл түрде медициналық көмек көрсетті. Анықталғандай, пациент инфаркт алған екен. Дәрігерлер әйелді тірілтіп алды.
«Дәрігерлер қараған кезде науқастың жағдайы өте ауыр болған. Жүрек ырғағы бұзылып, аритмиялық шок алған. Миокард инфарктінің ауыр түрін алғаны белгілі болды. Жедел жәрдем бригадасының көз алдында пациент клиникалық өлімге душар болған. Оған жүрек-өкпе реанимциясы, дефибрилляция жасалды. Нәтижесінде жүрек ырғағы мен тыныс алуы қалпына келді. Пациент тірілді. Бүгінгі таңда жағдайы тұрақты», – дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар.
06 қаңтар 2019 ж. 914 0